A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Универсиада 2017 УНИВЕРСИАДА 2017





Алматы қаласындағы Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада 2017

Универсиада — дүние жүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (FISU) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Универсиада 50 жылдан астам уақыт бойы Олимпиада ойындарынан кейінгі екінші ірі халықаралық дода болып есептеледі. Сайысқа ЖОО-да оқитын 17 мен 28 жас аралығындағы студенттер, аспиранттар, докторанттар қатыса алады.

Қазақстан Универсиада ойындарына 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар аралығында 700-ден астам спортшымыз бақтарын сынап, 125 жүлде жеңіп алды.


2011 жылдың 29-шы қарашасында Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматы қаласын 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадасының астанасы ретінде таныды. Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып Қысқы Универсиаданы қабылдамақ.

Негізгідеректер

Алматыдағы Қысқы Универсиада almaty2017.com2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді  Алматыдағы Қысқы Универсиадаға 64 елден 2000 спортшы қатысуы болжалуда. Универсиадаға аймақтар мен шетелден 3000 ерікті жұмылдырылады. Жарысты тамашалауға 30 мың шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде.


Универсиаданың телеаудиториясы 80 елден 1 млрд көрермен болады деп топшыланған.


2015 жылдың қараша айындағы деректер бойынша Универсиаданың жалпы операцилық бюджеті оңтайландырылып, 2 есеге қысқарды. Қазіргі уақытта 17 млрд теңгені құрап тұр.

СПОРТ ТҮРЛЕРІ

2017 жылғы Қысқы Универсиада сайыстары 12 спорт түрінен болады:

·         Биатлон;

·         Таушаңғы спорты;

·         Кёрлинг;

·         Коньки мен жүгіру спорты;

·         Шаңғы қоссайысы;

·         Шаңғы сайысы;

·         Трамплиннен шаңғымен секіру;

·         Сноуборд;

·         Мәнерлеп сырғанау;

·         Фристайл;

·         Шайбалы хоккей;

·         Шорт-трек.

СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР

Сайыстар 8 спорт нысанында өткізіледі:

·         «Шымбулақ» таушаңғы курорты

·         «Медеу» мұз айдыны

·         «Сұңқар» Халықаралық трамплиннен секіру кешені

·         Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы

·         «Алатау» шаңғы және биатлон кешені

·         Алматының орталығындағы уақытша спорттық ғимарат

·         Мұз сарайы

·         Мұз арена

Универсиадаға арналған 8 спорт нысанының екеуі жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар. Олар: 3 мың орындық Мұз аренасы мен сыйымдылығы 12 мыңдық Мұз сарайы. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Универсиада кезінде 5000 адам орналасатын, Атлетикалық қалашық салынуда. Атлетикалық қалашықта дамыған әлеуметтік инфрақұрылым болады (кафе, ресторан, емхана және банк бөлімшелері тб.). Нысандар 2016 жылдың 31-ші тамыз айында пайдалануға берілмек.

Универсиадаға қосылған жаңа спорт түрлері сноубордтың («биг эйр») және фристайлдың («шаңғы акробатикасына») арналып, Алматының орталығында, ашық аспан астында, уақытша спорттық ғимараты бой көтереді.


Универсиада нысандарына қызмет көрсететін қазақстандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында, қазқамту үлесі 50 %-дан жоғары құрайды. Универсиада өткізгеннен кейін Алматыда дамыған спорттық инфрақұрылым қалады. Бұл нысандарда болашақта қысқы спорт түрлерінен өзге де халықаралық жарыстарды қабылдауға болады.


Барлық спорт нысандары Универсиада тәмамдалғаннан кейін халыққа қолжетімді болады. Олар қазақстандық және шетелдік спортшылардың үлкен жарыстарға дайындалуға база ретінде қолданылуы мүмкін.

УНИВЕРСИАДАНЫҢ НЫШАНДАРЫ

2017 жылғы Универсиаданың ұраны – «Қанатыңды кең серпі!». Бұл жас спортшыларды жігерлендіруге, яғни, көкте қалықтап, қанатыңды кеңге жай деген мағынаны білдіреді.

Универсиаданың кез-келген логотипінде U латын әріпі болуы тиіс. Бұл FISU аясында өтетін барлық жарыстарда ежелден қолданылып келеді.


2017 жылғы Қысқы Универсиаданың талисманы ретінде сұңқар құсы таңдалған. Сұңқар қазақтың ұғымында киелі құс. Кеңдік пен биіктікті аңғартады. Сұңқар құсы Универсиаданың талисманы ретінде бекер таңдалынып алынған жоқ. Өйткені біздің спортшылар сұңқардай мықты, биіктен көрінсін деген ырымменен таңдалынды.