A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары


Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі

Мәдениет саласының маңызды бағытының бірі тарихи-мәдени мұраны сақтау болып табылады. Қазіргі таңда ауданда тарихи және мәдени мұраның 59 ескерткіші орналасқан, соның ішінде – 15 республикалық маңызы бар ескерткіштер болса, ал 44-і жергілікті маңызға ие ескерткіштер болып табылады.

Аталған нысандардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету аудандық мердігер компанияларға жүктелген.

Ауданның мәдени өмірінің бір қыры ретінде – мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу болып табылады. Аталмыш мерекелер – ұлтаралық және конфессияаралық береке-бірлікке, халықтың көңіл-күйін жақсартуға бағытталған болуы тиіс.

Осы мақсатта, жыл басында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жылдық жоспары бекітіліп, бүгінде жүзеге асырылуда.  

Атап айтсақ, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 8 ақпанда Кастеев   көшесі, 74 үйде орналасқан «BABYCARE» балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 40 орын, инвестиция көлемі- 8 млн.тг, жаңа құрылған жұмыс орны-10. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 15 ақпанда Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаевтың бастамасымен, тарихи тұлға Медеу Пұсырманұлының өнегелі өмірін насихаттау және жас ұрпақты патриоттық рухта, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында  №172 мектеп-гимназиясында «Мекені – тұғырлы, есімі – ғұмырлы – Медеу Пұсырманұлы» атты Медеу ауданының мектеп оқушылары арасында жыр мүшәйрасы болып өтті. 

2018 жылдың 6 наурызында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай  «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті.

2018 жылдың 13 наурызында Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясында Медеу ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың " Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын іске асырудың аясында "Мекені - тұғырлы, есімі - ғұмырлы Медеу Пұсырманұлы" атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2018 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Иран Ислам Республикасының Мәдени Өкілдігі бірлесіп, Наурыз мейрамына арналған «ШАХНАМЕ» атты қолөнер бұйымдары мен көркем туындылар көрмесінің ашылуын өткізді.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Өкілдігімен белсенді ынтымақтастықта ортақ жобаларды іске асырып келеді. 

2018 жылы 22 наурызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Наурыз мерекесі қарсаңында «Арбат» алаңында «ҚҰРАҚ КӨРПЕ» #QURAQ QÓRPE акциясы басталады!

2018 жылдың 15 наурызында  Алматыда Наурыз мейрамы кең көлемде мерекеленді. Қаланың барлық сегіз аудандарында халықтық серуендер өтіп, ал мерекенің негізі тартылыс нүктелері - қайта жаңарған «Астана» алаңы, Панфилов және Жібек жолы көшелері, Алатау ауданындағы Атлеттер ауылы мен «Алматы Арена» болды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің Болашаққа бағдар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 29 наурызында Пятигорская   көшесі, 24 үйде орналасқан «Ранетка» балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 40 орын, жаңа құрылған жұмыс орыны-7. 

2018 жылы 30 наурызда Оқушылар сарайында Алматы қаласының жастары «Наурыз» мейрамын атап өтті. Қонақтар үшін күрес кілемі, бокс рингі, арқанға тартылу алаңы ұйымдастырылды. Оқушылар сарайының үйірме қатысушылары концерттік бағдарламаларын көрсетті. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа Қазақстан тарихы мен мәдениеті жайлы айтылды.

2018 жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, «Адал жол» республикалық жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасын өткізді. 

2018 жылдың 18 сәуірінде  Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, 28-ші Панфиловшылар саябағының аумағында орналасқан халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізілді. Шараға Б. Момышұлы № 131 мектеп-лицей оқушылары, аудан тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тағы басқалар қатысты.

2018 жылдың 18 сәуірінде  Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №32 кітапханасының Алматы қаласының Мәдениет және архивтер басқармасы қолдауымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елу жыл Ел ағасы атанған қазақтың біртуар ұлы тұлғасы Д.А. Қонаевтың ескерткішіне арналған «Ескерткіштер – ел тарихы» атты мәдени іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің Болашаққа бағдар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында, 2018 жылдың 27 сәуірінде Шахтинская көшесі, 12 үйде орналасқан«Дельфинчик» балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 45 орын, инвестиция салымы 15 млн. теңге, жаңа құрылған жұмыс орыны- 10. 

2018 жылдың 1 мамырында Республика сарайының алдындағы         «Абай» алаңында Қазақстан халқынының бірлігі күніне арналған мереке өтті. Айтулы шараға қала жұртшылығы мен қонақтары, қаланың құрметті азаматтары, қала басшылығы, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.

2018 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына арналған «Халық жүрегіндегі жауынгерлер» атты қайырымдылық шарасын өткізді.Жеңіс күні – жан аямай елін қорғаған ержүрек батырларымызды еске алу мерекесі. Асау уақыт тізгінін ауыздықтай алмайсың – жылдан-жылға адамзаттың басына алапат қасірет түсірген зұлмат соғыс жайлы баяндайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары сиреп барады. Ардагерлермен жүздесу өскелең ұрпақ еліміздің өткен тарыхын тереңірек зерделеуіне ықпал етіп, олардың бойында азаматтық сана-сезім, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, отансүйгіштікке, қашанда ҚР мүдделеріне қызмет етуге лайық болуға тәрбиелеп, ардагерлерге құрмет көрсетіп, алғыс сезімін білдіруге мүмкіндік береді.

2018 жылдың 4 мамырында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  "Батыр" Президенттік полкінің 0111 әскери бөлімінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. 

2018 жылы 9 мамырда «Елдің көркі ерімен, Отанның көркі жерімен» демекші, Алатау ықшам ауданында ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтау шарасы болып өтті. Мерекелік шараға соғыс және тыл ардагерлері, ақсақалдар, тұрғындар, білім, медицина және мекеме басшылары қатысты. Алатау ықшам ауданында 3 соғыс ардагері мен 38 тыл майдангеріне толығымен сый-сияпат жасалды. Сонымен қатар, соғыс туралы көріністер қойылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлады. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету – бұл біздің борышымыз. Біз үшін әрбір соғыс ардагері – бұл тарих.

2018 жылы 9 мамырда Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73-жылдығына орай, Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағында мерекелік концерт өткізілді. 
Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына соғыс жылдарындағы танымал әндер ұсынылды.

2018 жылдың 22 мамыр күні Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Медеу ауданы әкімі аппаратымен бірлесе ұйымдастырылған "Пушкин оқулары" атты мәдени іс-шара өтті.

2018 жылы 24 мамырда Қыз Жібек көшесі, 71 үйде орналасқан «Britannica» балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 30 орын, инвестиция салымы 10 млн. теңге, жаңа құрылған жұмыс орыны- 12. 

2018 жылдың 25 мамыр күні  аудан мектептерінде мерекелік салтанатты жиын  өткізілді. Аудандағы жоғары сынып оқушыларына оқу жылының аяқталғанын білдіретін Соңғы қоңырау соғылды. Оқушылар бұл күнді асыға күтеді, өйткені олар 3 ай бойы  сыныпты, отырған партасын, мұғалімдерді ұмытып, сүйікті істерімен айналысуына және табиғатқа шығып демалуларына мүмкіндік туады.

2018 жылдың 1 маусым күні   Алматы қаласының Медеу ауданында Халықаралық балаларды қорғау күні кең ауқымда мерекеленіп, 10 000 мыңнан астам аудан балалары қайырымдылық іс-шаралармен қамтылды. 

2018 жылдың 1 маусымында «Шабыт» амфитеатрында Астна қаласының 20 жылдығын мерекелеу және балаларды қорғау күніне орай «Азия биі – 2018» қалалық мектеп оқушылары арасында бал биі турнирі ұйымдастырылды.

2018 жылдың 1 маусымында ауданның жас тұрғындары Алматы қаласының қуыршақ театрында ұйымдастырылған «Бақыт қалашағына» қонаққа шақырылған.

2018 жылдың 19 маусым күні сағат 11.00-де Алматы қаласының Орталық және мәдениет саябағында «Рухани Жаңғыру» аясында, Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Academy» білім беру орталығының қолдауымен «Тілдер саябағы» атты жобасының ашылу салтанаты болып өтті.

30 тамыз ҚР Конституциясы күні. Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Ал Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

2018 жылдың 29 тамызында Медеу ауданы әкімінің аппараты мен Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Азаттықтың ата заңы» атты мерекелік шара болып өтті.

2018 жылдың 29 қазанда Медеу аудан әкімінің бастамасымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстан» қонақ үйі, «Grand Palace» банкет залында аудан Мектеп түлектерінің III Форумы өтті.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді дамыту болып табылады.

Атап айтсақ, Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметшілері КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестіледудің нәтижесі бойынша осы жылдың мамыр айынан бастап қазақ және ағылшын тілі курстарына қатысуда.

Сонымен қатар, Алматы қаласының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, аудан тұрғындарына тегін қазақ тілін меңгеру курстары ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 2018 жылға арналған тілдерді дамыту жұмыстары жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асырылуда.

Кездесу барысында аудан тұрғындарына арналған қазақ тілі курсының сапасын арттыру және аудан көлемінде Тіл заңдылығының сақталуын қадағалау бойынша жұмыстарды өзара бірлесіп ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, есептік кезеңде аудан жастарының қалалық «Ой-сана», «Абай оқулары», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тіл тұнық ойдың кәусары», «Тіл мерейы», «Көркемсөз оқу шеберлері» сынды байқауларға қатысуы қамтамасыз етілді.

Үстіміздегі жылдың 22 мамыры күні Алматы қаласының                        Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, славян халықтарының мәдениеті мен әдебиетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Пушкин және Шевченко» оқулары өтті.

Қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, көпшіліктің славян халықтарының мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне, сондай-ақ А.С.Пушкин мен Т.Г.Шевченко поэзиясына деген ықыласын арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада Медеу аудандық                          № 4 гимназия оқушылары А.С.Пушкин мен Т.Г.Шевченко поэзияларын нақышына келтіре орындап, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады..

Мемлекетті дамыту жолындағы басты мақсат – «Дені сау ұлт».

Медеу ауданының әкімдігі тұрғындар денсаулығын нығайту, жастарды дене шынықтыруға баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық нысандардың халықтың барлық тобына қолжетімді болуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта есептік кезеңде спорттың әртүрлі түрлері бірқатар жарыстар, акциялар, іс-шаралар өткізілді.

2018 жылы 14 ақпан күні М.Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицей қабырғасында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Заңғар Жаркешовті еске алу мақсатында волейболдан қорытынды сайыс өткізілді.

2018 жылдың 14 сәуір күні Алматы қаласының «Менің ауламдағы спорт» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Самал-2 ықшам ауданы, 20 үйдің аула балаларына кіші футболдан шеберлік сыныбы өткізілді. Cпорттық шараға 100-ден астам аула балалары қатысты.

2018 жылдың 17 сәуірінде Медеу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» дәстүрлі республикалық турнирінің II-ші іріктеу кезеңін өткізді. 

2018 жылдың 26 сәуірінде «Мемлекеттік қуыршақ таетры» ғимаратында, Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің психоневрологиялық ауытқулары бар және 18 жастан асқан мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін №2 бөлімшесі және Медеу аудандық мүгедектер ерікті қоғамының ұйымдастыруымен «СПОРТ-денсаулық кепілі» атты отбасылық спорттық сайысы өткізілді.  Сайысқа бөлімшеде тіркеуде тұрған ерекше балалар және олардың ата-аналары қатысты.

2018 жылдың 05 маусымда Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев қазақ күресі бойынша өткен «Алматы барысы» турнирінде кезекті рет жүлдегер атанған Руслан Әбдіразақовты қабылдады.

Кездесу барысында аудан әкімі балуанға қала көлемінде ауданның абыройын асқақтатқаны үшін алғысын білдіріп, республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде жеңіске жетуіне сәттілік тіледі. 

2018 жылы 15 маусым күні Медеу ауданы әкімінің аппараты Медеу ауданы тұрғындар арасында "Спорттық Алматы", "Спорт менің ауламда" бағдарламалары аясында, және Халықаралық нашақорлықпен күрес күні айлығына орай, футболдан турнир ұйымдастырды.Сондай-ақ, спорттық жарыс барысында салауатты өмір салтын ұстану, шылым шегу зияндығы туралы парақшалар таратылды. Жарысқа 50-ден астам адам және 6 команда қатысты.

2018 жылдың 15 маусымда Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев «Белсенді ұзақ ғұмыр» жалпықалалық бағдарлама аясында аудандағы қарттарға арнап спорт пен биден айлық шара ұйымдастырды. Күнделікті аудан емханалары жанынан құрылған

2018 жылы 29 маусымда Медеу ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, «Астана күніне» орай «Дебют» шахмат клубында аудандағы ардагерлер арасында шахмет бойынша жарыс өткізілді. 

2018 жылы 29 маусымда Орталық мәдениет және демалыс саябағында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай және заңсыз есітркі айналымына қарсы «Денсаулық әдеті марафоны!» ұранымен кең масштабты акция болып өтті. Шараға жастар ұйымдары, балалар мен жастар қатысты.Нашақорлық – бұл ең ауыр психикалық ауру болып есептеледі. Бұл ауру есірткіні кенеттен немесе мәжбүрлі түрде қабылдаудан басталады. Қазіргі заманауи есірткі түрлері бірінші қабылдағаннан-ақ өте қауіпті, ол ішкі дене мүшелерін, нерв жүйесін өрескел бұзады.

2018 жылдың 27 шілде күні Медеу ауданы әкімінің аппараты   «Fightclub.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, аудан зейнеткерлеріне «Fightclub» жаттығу залына тегін жолдамалар беруге арналған салтанатты шара өткізді. 

2018 жылы 29-30 қыркүйек аралығында Медеу ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейде Алматы қаласы біріншілігіне Жастар лигасы (2001-2002 ж.т.), Жасөспірімдер лигасы (2003-2004 ж.т.) және Балалар лигасының (2005-2006 ж.т.) қыздары арасында волейболдан Медеу ауданы әкімінің кубогына жарыс болып өтті.Жарыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, Алматы қаласы балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, командалар арасында серіктестік пен байланысты орнықтыру және отансүйгіш қасиетке тәрбиелеу.Жарысқа 500 ден аса спорсмендер қатысты.

2018 жылдың 3 қазан күні Қонаев к-сі, 43 үй, 3 қабат мекен-жайында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «Банзай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, аудан зейнеткерлеріне «Банзай» жаттығу залына тегін жолдамалар беруге арналған салтанатты іс-шара өткізді. Қайырымдылық акциясының жалпы сомасы 2 млн.теңгені құрайды.

2018 жылы 7 қазанда Медеу ауданы әкім аппаратымен Оқушылар сарайында «Спорттық Алматы» бағдарламасы мен «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Медеу ауданы әкімінің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды.