A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • Мәдениет және спорт
  • Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары


Мәдениет саласының маңызды бағытының бірі тарихи-мәдени мұраны сақтау болып табылады. Қазіргі таңда ауданда тарихи және мәдени мұраның 59 ескерткіші орналасқан, соның ішінде – 15 республикалық маңызы бар ескерткіштер болса, ал  44-і жергілікті маңызға ие ескерткіштер болып табылады.

Аталған нысандардың санитарлық тазалығы қамтамасыз ету аудандық мердігер компанияларға жүктелген.

Ауданның мәдени өмірінің бірі қыры ретінде – мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу болып табылады. Аталмыш мерекелер – ұлтаралық және конфессияаралық береке-бірлікке, халықтың көңіл-күйін жақсартуға бағытталған болуы тиіс.

Осы мақсатта, жыл басында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жылдық жоспары бекітіліп, бүгінде жүзеге асырылуда.   

Атап айтсақ, 2016 жылдың 9 ақпанында Медеу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Думан» ықшам ауданында орналасқан № 172 мектеп-гимназия базасында М. Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мектеп оқушыларының арасында  мұзбалақ ақынның өлеңіне жазылған әндердің байқауы өткізілді.

2016 жылдың ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет қабырғасында   көрнекті жазушы, Қазақстан Республика­сының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей әдебиет академиясының академигі, профессор Сәбит Досановтың шығармашылық кеші өткізілді.

24 ақпан күні Медеу ауданы әкімінің аппараты Жамбыл Жабаевтың                       170 жылдығына орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармоиясында «Ұлы дала жыршысы» атты халықаралық ғылыми сипозиумды ұйымдастыру және өткізу ісіне атсалысты.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықованың қатысуымен өткен халықаралық іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы –       Ж. Досанова қатысты.

1 наурыз күні Медеу ауданы әкімінің аппараты «Алғыс айту» күніне орай «Жанұя» мамандандырылған кешенімен және көп балалы аналардың қауымдастығымен бірлесе отырып, «Қазақстан» қонақ үйінде «Сиынарым сен едің!» атты мәдени іс-шара өткізді.

4 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармоиясында «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты мерекелік концерт өткізілді.

Аудан әкімінің қатысуымен өткен салтанатты іс-шараға экономиканың түрлі саласында қызмет ететін 700-ге жуық әйелдер қауымы шақырылды.

  22 наурыз күні Медеу ауданы әкімі аппараты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы мен Алматы қаласына                       1000 жылдық мерей тойының аясында қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Төрлет, төріме, Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізді.

  Алматы қаласы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда өткен Наурыз мейрамында 10 қазақ үй тігіліп, аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар таратылды.

Сондай-ақ мереке аясында Медеу ауданы әкімінің кубогына ұлттық және халықтық спорт түрлерінен спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Алматы қаласы әкімініңэкологиялық транспорт түрлерін қолдану жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында, ағымдағы жылдың 16 сәуірі                       күні  «Wellness Club LUXOR» бірлесе отырып, ТВИД велошеру өткізілді.

Спорттық іс-шара аясында ҚР Велосипед спорты федерациясының президенті В.В. Осипов аудан тұрғындарына велосипедпен жүру бойынша шеберлік-сыныбын өткізді.

23-24 сәуір күндері Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағында өткен «FEELRUSSIA» атты халықаралық Ресей мәдениетінің фестивальін ұйымдастыру және өткізу ісіне белсене атсалысты.

1 мамыр күні Халықтар бірлігі күні мерекесіне орай Орталық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік іс-шараға қазақ эстрадасының өкілдері, аудандық көркемөнерпаздар ұжымдар мен аудандық этно-мәдени бірлестіктердің өнер ұжымдарды өнер көрсетті.

Іс-шара соңы бейбітшіліктің символы саналатын 100 ақ көгершінді әуеге ұшырумен аяқталды.

Ағымдағы жылдың 6 мамыры күні Отан қорғаушылары күніне                          Медеу ауданы әкімінің ұйымдастыруымен орай ҚР Мемлекеттік күзет қызметі «Батыр» президенттік полкі» 0111 әскери бөлімінің концерттік залында                   «Есть такая профессия защищать Родину!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік іс-шара аясында қазақ эстрада жұлдыздары мен аудандық көркемөнерпаз ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

9 мамыр күні Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығын мерекелеудің аясында Медеу ауданына қарасты «Алатау» ықшам ауданында мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында ықшам аудан тұрғындары «Обелиск» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Медеуа ауданы әкімінің аппаратымен ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалады.

25 мамыр күні аудандық мектептерде «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты жиналыстар болып өтті.

Аталған іс-шараларға Медеу ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысып, мектеп түлектерін аудан әкімінің атынан құттықтады.

2016 жылдың 1 маусымы күні Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев Алматы қаласының Оқушылар сарайында болып, аталған мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігімен және ондағы балаларға арналған үйірмелердің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, аудан әкімі Алматы қаласының 1000 жылдық мерей тойы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында  ұйымдастырылған аудандық мерекелік іс-шараға қатысып, балаларды төл мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік іс-шара аясында аудан балаларына арнап 3D – форматындағы ойын алаңы және балаларға арналған түрлі ойын-сауық ойындар ұйымдастырылып, 1000 бүлдіршінге 1000 балмұздақ, сондай-ақ тәтті тағамдар мен сусындар таратылды.

Іс-шараға қатысқан  бүлдіршіндер ағайынды Гриммдердің «Бремен музыканттары» және «Бремен музыканттарының ізімен» атты ертегілерінің желісімен Г.Гладковтың музыкасына қойылған Ю.Энтин және В.Ливановтың музыкалық фантазиясын қызыға тамашалады.

2016 жылдың 10 маусымы күні Медеу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Cambridge Kids» балабақшасында тәрбиеленушілердің бітіру кешіне арналған «Shining Stars - 2016» атты іс-шара болып өтті.

Іс-шараға Кембридж университетінің өкілі Гүлнар Бекжанова, ата-аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Әшім, сондай -ақ Медеу аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысып, сапалы берілген білім үшін балабақша әкімшілігі мен ұжымына алғыстарын білдірді.

2016 жылдың 6 шілдесі күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» атты мерекелік концерт өткізілді.

Мерекелік іс-шараға Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары, балалар шығармашылық ұжымдары және басқа да өнер майталмандары қатысып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

 2016 жылдың 10 тамызында жүйелік кестеге сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері «Қайсар» аула клубының ұжымымен және тәрбиеленушілерімен кездесті. Шара аясында аталған аула клубы тәрбиеленушілерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерей-тойы аясында аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар белсене қатыстыру мәселелері талқыланды.

2016 жылдың 18 тамызында № 32 кітапханың оқырман залында аудандық кітапханалар басшыларымен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана меңгерушілерінің үстіміздегі жылдың 7 – айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, жыл соңына дейінгі жұмыс жоспарлары нақтыланды.

2016 жылдың 30 тамызында Медеу ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Азаттықтың Ата Заңы» атты мерекелік  іс-шара болып өтті.

Орталық мәдениет және демалыс саябағында өткен мерекелік іс-шара аясында аудан тұрғындары мен қала қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздары мен аудандық көркемөнерпаздар ұжымдардың қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалады.

Сонымен қатар, мереке аясында балаларға арналған түрлі ойындар мен халықтық және ұлттық спорт түрлерінен спорттық ойындар өткізілді.

  2016 жылдың 10 қыркүйегінде Медеу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен жоғары таулы    «Медеу» мұз айдынында «MY FEST» атты фестиваль өткізілді.

Алматы қаласының 1000 – жылдығы мен Медеу ауданының 80–жылдық мерейтойына орайластырып ұйымдастырылған іс-шараға 10 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.                          

Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында рэп бағытында өнер көрсететін танымал ресейлік әнші L'ONE іс-шара қатысушыларын қаламыздың                                  1000 – жылдығымен құттықтап, өз өнерін көрсетті.

 2016 жылы 16 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Халық қаһарманы, Еңбек ері» көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Шараға Құрлықтағы әскерлер әскери институтының басшылары мен курсанттары, Б.Момышұлы атындағы мектеп, №161мектеп және «Жасұлан» ұйымының  оқушылары,                  ІІМ академиясының курсанттары мен колледж студенттері қатысты.

Көрменің ашылу барысында Медеу ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанна Досанова жиналғандарды көрменің ашылу салтанатымен құттықтап, көрменің «Халық қаһарманы,                  Еңбек ері» атағымен марапатталған батырларымыздың өмір жолын үлгі                      ету арқылы жастарымыздың өз елінің тарихына деген құрметін                        арттыруда орны ерекше деп білемін деп атап өтті.

2016 жылдың 4 қазаны күні  Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев ұстаздарды кәсіби мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтады.

Ұстаздар құрметіне салтанатты қабылдау ұйымдастырылып, оған педагогика саласының ардагерлері, орта және мамандандырылған мектептердің, лицейлердің және аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында, ауданның білім беру саласын дамытуға қомақты үлес қосып келе жатқан үздік педагогтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, мұғалімдердің төл мерекесіне орай мерекелік дастархан жайылып, қазақ эстрадасы жұлдыздарының және ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

2016 жылдың 9 қазаны күні Алматы қаласы Медеу ауданы   әкімі аппараты «Wellness Club LUXOR» компаниясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Медеу ауданының                                  80 жылдығына мерекелеудің аясында  «Family Holiday» атты іс-шара өткізді.

Іс-шара аясында «Бала Дауысы» жобасы конкурсанттарының қатысуымен концерттік бағдарлама, қолөнер бұйымдарының көрмесі, сондай-ақ балалар мен үлкендерге арналған түрлі ойын-сауық  бағдарламалар өткізілді.

2016 жылдың 20 қазанында Қазақстан қонақ үйінің мәжіліс залында        Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің                                    25 жылдығына арналған «Мен мектебімді мақтан етемін!» атты акция аясында тұңғыш рет Медеу ауданының мектеп бітірушілерінің алғашқы Форумы өтті.

Форумның басты мақсаты - еліміздің түрлі саласында қызмет етіп , таңдаған мамандығында белгілі бір жетістіктерге жеткен кешегі мектеп бітірген түлектер мен мектептер арасында өзара байланысын арттыру . Жастармен ұдайы түрде кездесулер ұйымдастыру арқылы, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақтар сабастығын жалғастыру.

Форумға осы уақытқа дейінгі: әр жыл түлектері, табысты кәсіпкерлер, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, өнер және мәдениет қайраткерлері, заңгерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, мектеп директорлары, ата-аналар, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

2016 жылдың 28 қазаны күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                   25 жылдығын мерекелеудің аясында Республика Сарайының алдындағы «Абай» алаңында тұңғыш рет «Абай көшесінің күні» мейрамы өтті.

Көше күнін өткізудегі негізгі мақсат – жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық бағытта тәрбиелеу, ауданның әрбір тұрғынына мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, көше тұрғындары арасындағы бірлікті нығайту және Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау болып табылады.

Іс-шара аясында: қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, аудандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт,                                    «Абай» оқулары, ұлттық спорт түрлерінен спорттық ойындар мен мерекелік сауда ұйымдастырылды.

2016 жылдың 6 қарашасы күні Оқушылар үйімен бірлесіп, «Алматы балалры» атты флэш-моб атты акция өткізілді. Қазақстан Республикасының                            25 – жылдығы мен «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған                               шараға 200 –ден астам мектеп оқушылары қатысты.

 2016 жылдың 9 қарашасы күні Қазақстан Республикасының                  Мемлекеттік орталық мұражайында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, «Тәуелсіздік тағылым» атты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына                    арналған фотокөрме өткізілді.

2016 жылдың 10 қарашасында Оқушылар аудан әкімі бекіткен жүйелік кестеге сәйкес, Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерімен және ата-аналармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Оқушылар сарайында ұйымдастырылған үйірмелердің тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды.

 2016 жылдың 13 желтоқсанында Оқушылар сарайының үлкен залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай                                «Ұл тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара өткізіледі.

Мерекелік іс-шараға соғыс және еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, денсаулық сақтау, күш құрылымдарының қызметкерлері, аудандық ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындардың өкілдері, ел экономикасына еңбек сіңірген аудан зиялылары мен тұрғындар қатысып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

2016 жылдың 23 желтоқсанында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен концерт залында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының                            25 – жылдығына орай «Ұлы дала туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік іс-шара өткізіледі.

Іс-шара аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара қатысушыларына қазақстандық эстрада жұлдыздары мен аудандық өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылады.

Мерекелік іс-шараға соғыс және еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, денсаулық сақтау, күш құрылымдарының қызметкерлері, аудандық ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындардың өкілдері, ел экономикасына еңбек сіңірген аудан зиялылары мен тұрғындар шақырылады.

2016 жылы 12 желтоқсанда Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Dostyk Plaza» сауда - ойын-сауық орталығында Құрманғазының «Сарыарқа» күйін домбырада орындайтын ауданның жас домбырашыларының қатысуымен флеш-моб ұйымдастырылды.

Бұл музыкалық қойылымның орындалуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналды.

2016 жылдың 13 желтоқсанында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Ұлы Дала туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік концерт өткізілді.

Салтанатты жиынға Медеу ауданының әкімі Е.Ж.Жылқыбаев, ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі А.Әжібаев, ауданның құрметті тұрғындары, қызмет басшылары және кәсіпорын қызметкерлері, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің өкілдері де қатысты.

Бұл жиында аудан әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаев пен Қазақстан                   Республикасы ақпарат және коммуникация вице-министрі                                            Алан Ғазизұлы Әжібаев сөз сөйлеп, жиналған қауымды ҚР Тәуелсіздігінің                   25 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, шара барысында Ержан Жылқыбаев Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен  марапаттады.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді дамыту болып табылады.

Атап айтсақ, Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметшілері КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестіледудің нәтижесі бойынша осы жылдың  мамыр айынан бастап қазақ және ағылшын тілі курстарына қатысуда.

Сонымен қатар, Алматы қаласының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, аудан тұрғындарына тегін қазақ тілін меңгеру курстары ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 2016 жылға арналған тілдерді дамыту жұмыстары жөніндегі  аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асырылуда.

Аталаған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 23-ші сәуірі күні бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруін ынталандыру мақсатында 18 бен 29 жас аралығындағы жастар арасында «Тілшебері - 2016» республикалық байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өткізілді.

Аудандық іріктеу байқауында 1 орынды иеленген Құдайбергенова Салтанат аталған байқаудың қалалық кезеңіне қатысып, жеңімпаз атанды және республикалық байқауға жолдама алды.

Үстіміздегі жылдың 21 мамыры күні Алматы қаласының                        Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, славян халықтарының мәдениеті мен әдебиетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Пушкин және Шевченко» оқулары өтті. 

Жиынға Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы М. Ахетов, Медеу ауданы әкімі аппаратының мен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы консулдығының өкілдері, Украин мәдени орталығының мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени орталықтар жетекшілері, студент жастар мен оқушылар қатысты.

Қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, көпшіліктің славян халықтарының мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне, сондай-ақ А.С.Пушкин мен Т.Г.Шевченко поэзиясына деген ықыласын арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада  Медеу аудандық                          № 4 гимназия оқушылары А.С.Пушкин мен Т.Г.Шевченко поэзияларын нақышына келтіре орындап, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

2016 жылдың 18 тамызында жүйелік кестеге сәйкес бөлім қызметкерлері Алматы қаласының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында аудан тұрғындарына арналған қазақ тілі курсының сапасын арттыру және аудан көлемінде Тіл заңдылығының сақталуын қадағалау бойынша жұмыстарды өзара бірлесіп ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, есептік кезеңде аудан жастарының қалалық «Ой-сана», «Абай оқулары», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тіл тұнық ойдың кәусары», «Тіл мерейы», «Көркемсөз оқу шеберлері» сынды байқауларға қатысуы қамтамасыз етілді.

 

Мемлекетті дамыту жолындағы басты мақсат – «Дені сау ұлт».

 

Медеу ауданының әкімдігі тұрғындар денсаулығын нығайту, жастарды дене шынықтыруға баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық нысандардың халықтың барлық тобына қолжетімді болуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта есептік кезеңде спорттың әртүрлі түрлері бірқатар жарыстар, акциялар, іс-шаралар өткізілді.

2016 жылдың 2 қаңтары күні денсаулық күніне орай № 159 гимназияда                   4-6 сынып оқушылары арасында жүзуден турнир өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған жас спортшылар тиісті дәрежедегі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

2016 жылдың 4 қаңтарында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі                      № 76 және № 83 гимназияда баскетболдан қыздар және ұлдар командалары арасында өткен қалалық жарысқа аудандық №12,35,159 мектеп командаларының қатысуын қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, осы күні Медеу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен                       № 172 мектеп-гимназия базасында мектеп оқытушылары арасында волейболдан спортынан Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған аудандық жарыс ұйымдастырылды.  

  2016 жылдың 16 қаңтары күні № 4 мектеп-гимназия базасында үстел теннисінен аудандық турнир өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша                             1 орынды Каримова Сабина, ал 2 орынды Диканбаева Асера иеленді.

  19 ақпан күні Медеу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен                        №172 мектеп-гимназия базасында қыздар командалары арасында өтетін дәстүрлі «Сымбат» спартакиадасы ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары тиісті дәрежедегі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 2016 жылдың 22 ақпанында Медеу ауданының №131 мектеп-лицейінде                   8 мектеп арасындағы дәстүрлі қазақша спорт түрі «Қазақша күрес» жарысы өткізілді. Бұл спорт түрінде қатысушылар өз шеберігімен кәсіпқойлығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды №172 мектеп,                                       2 орынды №12 мектеп және 3 орынды №161 мектеппен № 98 мектеп                          бөліп алды.

2016 жылдың 24-25 ақпан күндері «Дебют» шахмат клубында                           Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың арасында шахмат пен тоғыз құмалақтан аудандық жарыс өткізілді.                       

Мүмкіншілігі шектеулі жандардың арасында өзара достық                               қарым-қатынасты нығайту, оларды спортпен шұғылдануға баулу                             мақсатында ұйымдастырылған спорттық сайысқа қаланың барлыққа аудандарының өкілдері қатысты.

2016 жылы 5 наурызда 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Медеу ауданы әкім аппараты білім беру басқармасымен, Алматы қаласы мәдениет және спорт басқармасымен, халықтық-ұлттық спорт  түрлері және сауықтыру дене шынықтыру клубымен бірлесе, № 30 мектеп-гимназиясында әйелдер командасы арасында «Біз- темекісіз және есірткісіз салауатты өмір үшін!» ұранымен қалалық дәстүрлі «Сымбат»  жарысын ұйымдастырды.Бұл шараға қаладағы барлық аудан  мектептерінің оқушы қыздары қатысты. Сайыс дартс, үстел теннисі, волейбол, арқан тарту, бұқа тартыс, тымақ ұру, шеңберді айналдыру және секіргіш ойындары бойынша өтті.Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеппен бас жүлдені Медеу ауданы мектептерінің спортшылары жеңіп алды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы естелік сыйлықтар тапсырылды.

2016 жылы 25 наурызда «Динамо» стадионында спорттың қысқы түрлері бойынша қалалық қысқы спартакиаданың салтанатты ашылуы болып өтті. Салтанатты ашылуға Алматы қаласының 8 ауданының тұрғындары қатысты. Спартакиада жыл өткен сайын өз қатарына кәсіби спортсмендерді ғана емес сонымен қатар, спортты сүйетін жәй халықты да тарта білуде.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау.Бұл спорттық шара қашықтығы 6 минутқа жүгіру бойынша болып өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан бұл спорттық шараға 8 ауданнан 200-ден аса тұрғын қатысты.Жарыстың қатысушылары мен жеңімпаздарына естелік сыйлықтармен қатар, мақтау қағаздары мен кубок тапсырылды.

2016 жылы 30 наурызда Медеу ауданы әкім аппараты Дене шынықтыру және спорт басқармасымен, Ұлттықспорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру дене шынықтыру клубымен бірлесе Мәдениет және орталық саябақта спорттық іс-шара ұйымдастырды. Бұл спорттық шараның мақсаты Медеу ауданы тұрғындары мен өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды дамыту болып табылады.Жарысты 100-ге жуық аудан тұрғындары мен «Жанұя» мамандандырылған балалар кешенінің тәрбиеленушілері қолдап, атсалысты. Барлық қатысушылар «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Бокс», «Тымақ ұру», «Шеңбердi айналдыру», «Секiргiш», «Асық ату» секцияларына бөлінді. Жарысты бірінші болып «Асық ату» ойынына қатысушылар аяқтады. Ойында ең кішкентай қатысушылар нағыз мергендер болып шықты. Ең қызықтысы «Арқан тартыс» ойыны болды, яғни ойыншылар қыздар және жігіттер тобына бөлініп күш сынасты. Жарыстың барлық қорытындысынан соң жеңімпаздарға естелік сыйлықтар тапсырылды.

2016 жылдың 9 сәуірі күні Медеу ауданы әкімінің аппараты                                 Алматы қаласының ұлттық спорт түрлері клубымен бірлесіп,                            Республика Сарайының алдындағы «Абай» алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына          арналған  спорт фестивальі өткізілді. Шара аясында тұрғындар арасында ұлттық және халықтық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

2016 жылдың 16 сәуір күні Медеу ауданы әкімінің аппараты «ALEM LTD» компаниясымен бірлесіп «Wellness Club LUXOR» аумағында «Твид» велошеруін өткізді.

Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбектің көліктің ең экологиялық таза түріне көшу жөніндегі бастамасын жүзеге асырудың аясында ұйымдастырылған велошерудің негізгі идеясы - салауатты қала дәстүрін қалыптастыру, тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттау болып табылады.

Іс-шара аясында Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті В.В. Осипов Медеу ауданы мектептерінің дене-шынықтыру пәні мұғалімдері мен оқушыларына шеберлік сыныбын жүргізіп, көліктің экологиялық таза түрінің тізгінін ұстаудың қыр-сырларымен бөліскен болса, ал «Nurtau» гольф-клубының спорт  шеберлері гольф спорты бойынша балаларға арналған шеберлік сыныбын өткізді.

Сонымен қатар, «Dublin Irish Pub» мейрамханасының ұйымдастыруымен спорттық іс-шара қонақтарына мерекелік дастархан жайылып, «Wellness Club LUXOR» әкімшілігі мен «Mersedez-Benz» компаниясының естелік сыйлықтары табысталды.

23 сәуірі күні Медеу ауданы әкімінің аппараты «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» дәстүрлі республикалық турнирінің II-ші іріктеу кезеңін өткізді.

Ұлттық рухымызды асқақтатып, төл спортымызды төрге шығарған «Қазақстан Барысы» жобасын іске асыру мақсатында өткізілген балуандар жарысына күрес өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген 20-ға жуық балуан қатысып, «Медеу ауданының Барысы» атағына таласты.

Бәсі жоғары бәсеке Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мен Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, 18 жастан жоғары ересектер арасында +90 келі, яғни абсолюттік салмақ категориясы бойынша өткізілді.

«Күш атасын танымас»,- демекші күресшілер 3 сағат бойы боз кілемде өзара сынасқан жарыста,  жүлделі үшінші орынды -  Мұқатаев Мереке, екінші орынды – Иманғалиев Аянғали, ал қарсыластарын алып та, шалып та жыққан Асылбеков Қанат «Медеу ауданының Барысы» атанды.

2016 жылы 26 сәуірде Медеу ауданының «Думан» ықшам ауданында жасанды жабындымен жабылған шағын футболға арналған жаңа спорттық алаң ашылды.

Спорттық алаң «Фирма Самғау» ЖШС қаржысына салынды. Спорттық кешен №172 мектеп-гимназияның аумағында орналасқан және 300 шаршы метр баскетбол алаңына, 90 шаршы метр қашықтыққа жүгіру жолына арналған.

Аудан оқушылары алғашқы күні-ақ жаңа алаңда футбол, баскетбол және дәстүрлі ойындардан (асық ату, секіргіш) жарысқа қатысты.

2016 жылдың 20 мамыр күні Республикалық медициналық колледжінің спорт залында Медеу ауданы әкімі аппараты  «Жігер» қоғамдық ұйымымен, Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамы және Республикалық медициналық колледжімен бірлесе отырып, «Голбол» спорттық секциясының тұсаукесері өткізді.

 «Голбол» спорттық секциясының ашылудағы мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарды тең және бақытты ету. Голбол ойынын насихаттау, сонымен қатар, зағип жандарды әлеуметтендіру және олардың арасында салауатты өмір салтын үгіттеу болып табылады.

 2016 жылы 3 маусымы күні «Динамо» стадионында  ұзындыққа секіру, ұзындыққа лақтыру және 100, 500, 1000 метр қашықтыққа жүгіру және басқа да  спорттың жазғы түрлері бойынша қалалық жазғы спартакиаданың салтанатты ашылуы болып өтті. Салтанатты ашылуға Алматы қаласының 8 ауданының тұрғындары қатысты.

Спартакиада жыл өткен сайын өз қатарына кәсіби спортшыларды ғана емес, сонымен қатар спортты сүйетін жәй халықты да тарта білуде. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бұл спорттық шараға 8 ауданнан                     300-ден аса тұрғын қатысты.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау.

Медеу ауданының қатысушылары жалпы есеппен барлық жас аралықтарындағы спорт түрлерінен жүлделі I, II, III, орындарды иеленді. Жарыстың қатысушылары мен жеңімпаздарына естелік сыйлықтармен қатар, мақтау қағаздары мен кубок тапсырылды.

2016 жылы 11 маусымда № 19 мектептің ашық спорт алаңында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай,  Медеу ауданы мемлекеттік органдарының нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралықштабымен (әрі қарай Штаб), кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы,  сонымен қатар  мәдениет  және  тілдерді дамыту   бөлімімен мини-футболдан аула клубтары арасында «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты ұранмен жарыс өткізілді, іс-шараның негізгі мақсаты жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жиі дене-шынықтырумен айналысуына және салауатты өмір салтына насихаттау болып табылады.

Жарыс нәтижесі бойынша  11-12 жастар арасында I орынды «Арлан» аула клубының командасы жеңіп алды, ал 16-18 жастар арасында IІ орынға «Веселые нотки» аула клубының командасы ие болды.

Жарыс жеңімпаздарына және қатысушыларға жүлделер мен алғыс хаттар тапсырылды.

18-19 маусым күндері Медеу ауданы әкімінің қызметкерлері                             «Динамо» стадионында мемлекуеттік қызметшілер арасында өткізілген Алматы қаласының ашық спартакиадасына қатысты. Жарыста Медеу ауданының құрама командасы нәтижелі өнер көрсетіп, кіші футболдан жүлделі                                2 – ші орынды иеленді.

    2016 жылдың 24 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан аудандық турнир өткізілді.

Екі күні бойы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен құралған   11 құрама команда өзара белдесіп, жарыстың қорытындысы бойынша  бірінші орынды Медеу ауданы прокуратурасының командасы, екінші орынды ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаментінің  Медеу аудандық бөлімі, ал жүлделі үшінші орынды  Медеу аудандық Ішкі істер басқарамасының командасы иеленді.

Спорттық шара соңында Медеу ауданының әкімі Е. Жылқыбаев                    жеңімпаз командаларды құттықтап, тиісті дәрежедегі грамоталармен марапаттады.

2016 жылы 30 қыркүйекте Медеу ауданының әкім аппараты                        Оқушылар сарайында аудандағы мектеп спортшыларының арасында                        «Жас Барыс» қазақ күресі бойынша қалалық  турнирге іріктеу жарысын өткізді.

Аудандық жарысқа аудан мектептерінен 14 жастан асқан 200 оқушы қатысты (100 келі салмақтан жоғары).

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан  аудандық турнир өткізілді.

Екі күн бойы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен құралған                          8 құрама команда өзара белдесіп, жарыстың нәтижесі бойынша 1-орынды Медеу аудандық ішкі істер басқармасының командасы, 2- орынды                        Медеу ауданы сотының командасы, ал жүлделі 3-орынды Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының командасы иеленді.

2016 жылдың 21-22 қазан күндері Қазақстан Республикасы                         Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай Медеу ауданының кубогы үшін мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир өткізілді.                          Тартысқа толы өткен спорттық жарыста Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының командасы – 1 орынды,  Медеу аудандық сотының командасы – 2 орынды, ал жүлделі 3 – орынды Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы иеленді.    

2016 жылдың 5 қарашасы күні Қазақстан Республикасы                         Тәуелсіздігінің 25 – жылдығы мен Медеу ауданының 80 – жылдық мерейтойына орай Медеу ауданының кубогы үшін мемлекеттік                                                                                                                                                                                                     қызметшілер арасында баскетболдан турнир өткізілді.                         

Жарыс қорытындысы бойынша Медеу аудандық Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының командасы – 1 орынды,                                   Медеу аудандық Медицина бірлестігінің – 2 орынды, Ішкі істер басқармасының командасы - 3 – орынды иеленді.    

2016 жылдың 02 желтоқсан күні «Дебют» шахмат клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ардагерлер арасында                  шахматтан турнир өткізілді. Жарыс жеңімпаздары аудан әкімінің       грамотасымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.