A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Әлеуметтік шеңбер ӘЛЕУМЕТТІК ШЕҢБЕР



«Өрлеу» жобасы - шартты ақшалай көмектің мемлекеттік бағдарламасы


«Өрлеу» жобасы - шартты ақшалай көмектің мемлекеттік бағдарламасы                                       

«Өрлеу» жобасы- отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен  қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына  қатысуы және  қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда,отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өту  шартымен отбасына  (адамға) шартты ақшалай  көмек беру бағдарламасы.

«Өрлеу» жобасының басты мақсаты- адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, келешекте отбасы мүшелерінің еңбек ету арқылы, кәсіпкерлік, немесе ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу арқылы өзін - өзі қамтамасыз етумен қатар мақсатқа жетуге кедергі болатын ісаралық әрекетті жою.

 «Өрлеу» жобасы кедейліктен шығуға мүмкіншілігі бар топқа, тек кездесетін қиыншылықтарды жеңуге көмек қажет ететін, өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға ұмтылғандарға беріледі.
«Өрлеу» жобасындағы шартты ақшалай көмек жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болса беріледі. Бұл «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК алу АӘК алушылардан көп отбасын қамтиды. Сонымен бірге «Өрлеу» жобасы көмектің белсенді түрін ұсынады, әлеуметтік бейімделу, өмірде кездесетін отбасының ауыр кезеңдерден дұрыс өту жағдайы қаралған. Яғни ақшалай көмектен басқа, отбасы жобаға қатысу шарты есебінде өзіне міндеттер алады. Бұл міндеттер мемлекет және отбасы тарапынан қабылданатын «Өрлеу» жобасының келісімінде көрсетіледі. Еңбек нарығы  дамыған қалаларда әлеуметтік бейімделу – жұмыс орнын іздеу, жұмысы барларға қосымша табыс көзін табу, уақытша жұмыс орнындағыларға тұрақты жұмыс орнын іздеу, оқыту және қайта оқыту көмегін көрсету.

Бүгінгі күнге  ең төменгі күнкөріс деңгейінің  мөлшері  25343  тенге, кедейлік  шегінің  деңгейі 10137  тенге,  азық - түлік себетінің құны 15206 теңге.

Шартты  ақшалай  көмек   жалпы тағайындалған көмектің  60 пайызы  жергілікті бюджеттен   және  40 пайызы Републикалық  бюджеттен  төленеді,3-6 айға ,немесе 1 жылға тағайындалып  төленеді.

Шартты ақшалай көмек көрсетілуге қажетті құжаттар тізілімі:

1)жеке басын куәландыратын құжат;

2)отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3)отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

4)тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

5)жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.

6.   Өтініш білдірген айдың алдындағы  үш айдың жиынтық табысы тралы мәлімет.