A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әлеуметтік шеңбер ӘЛЕУМЕТТІК ШЕҢБЕР



Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері


1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы шілденің 17–інде тіркелген

№ 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындап төлейді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы азаматтар:

Жан басына шаққанда орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Мемлекттік атаулы әлеуметтік көмек:

1)    Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға,

2)    Уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа,оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан,біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай қоғамдық жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Кедейлік   шегінің мөлшері   Алматы қаласы   бойынша    2015 жылдың

1- тоқсанында 8602 тенгені құрайды. Ен төменгі күн көріс денгейі -21507      

тенге, азық-түлік себетінің құны 1 тоқсанда – 12905 тенге.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен қоса төмендегідей құжаттар өткізеді

1.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

2.Отбасы құрамы туралы мәлімет (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі)

3.Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер.

4.Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлімет.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының осы көмекті алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып ай сайын төленеді.

2. Балалы отбасыларға   берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстан Республикасының   2005 жылғы   28   маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2006 жылдың 1- қантарынан төленеді.

Балалы отбасыларға   берілетін мемлекеттік жәрдемақы отбасының орташа табысы жан басына шаққанда белгіленген азық-түлік себетінің құнынан аспаған жағдайда тағайындалып төленеді. Жәрдемақының мөлшері 2082 тенге, яғни 1,5-айлық есептік көрсеткішке тең.  

Керекті құжаттар

1.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

2.Отбасы құрамы туралы мәлімет (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі)

3.Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер.

4.Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлімет.

3. Тұрғын үй көмегі

IV сайланған Алматы Қаласы мәслихаты XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсанда бекітілген шешімімен табысы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын Алматы қаласының тұрақты тұрғындарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақшалай төленетін көмек.

Тұрғын үйді күтіп ұстаудың нақты төлемі мен тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегіндегі төлемінің шығындары отбасы жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асып тұрған жағдайда тұрғын үй көмегі беріледі.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін мынадай құжаттар тапсырылады

1.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

2.Бөлмелер саны, алатын аумағының өлшемі көрсетілген мәліметтері бар тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі

3.Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі

4.Өтініш берушінің кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама

5.Соңғы үш айдың коммуналдық қызметтері үшін төленген түбіртектерінің көшірмесі

Тұрғын үй көмегі құжаттарды тапсырған айдан бастап 1-жыл мерзіміне тағайындалады, кейіннен әр тоқсан сайын табысы туралы анықтама және тұрғын үй коммуналдық қызметтері үшін төленген түбіртек көшірмелерін өткізіп отыру керек.

4. Зейнеткерлерге төленетін 6 айлық есептік көрсеткіш.

Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда Алматы қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек алты айда бір рет 6 айлық есептік көрсеткіш ретінде төленеді яғни 1 жартыжылдықта отбасының жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселенген сомасынан төмен болған жағдайда 11 892 тенге зейнеткерге төленеді.

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан тұрақты жерінде тіркелуі бойынша аудан бөліміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3) отбасының құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады

5. Мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыларына төленетін мемлекеттік жәрдемақы.

1.Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) үшін ата-анасы және өзге де заңды өкілдері (бұдан әрі - алушылар) Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдеріне (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) кемтар балалардың тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелуі бойынша өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

1) алушының жеке басын куәландыратын құжаты;

2) баланың туу туралы куәлігі;

3) алушы мен баланың тұрақты тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттары;

4)-Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы беретін Алматы қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес тұжырымы (бұдан әрі - Тұжырым);

5) мүгедектігі туралы анықтама;

6) банк шотының болуы туралы құжат.

2. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

3. Заңды өкілдер кемтар балаларды асырап алғандығы және қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігі жөнінде тиісті органдардың шешімдерінің көшірмелерін ұсынады.

4. Ата-аналардың (заңды өкіл) бірінің жәрдемақы тағайындау туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-аналар (заңды өкіл) жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

5. Әлеуметтік көмек Тұжырымда көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген мерзімге әр тоқсан сайын төленеді.

6.Алғаш тағайындалған жағдайда жәрдемақы өтініш берген күннен бастап төленеді.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 160 Қаулысы

Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер мынадай құжаттарды:
1) мүгедекті жеке оңалту бағдарламасынан үзінді көшірмені;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;
3) мүгедек балалар - жеке басын куәландыратын құжатты, кәмелетке толмағандар - баланың туу туралы куәлігін және ата-анасының (қамқоршының, қорғаншының) бірінің жеке басын куәландыратын құжатты;
4) мүгедектігі туралы анықтаманы қоса беріп, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш жасайды.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен беріледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты, оларды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілетін растама бере отырып, өтініш иесіне қайтарылады.

7. Әлеуметтік көмек 5 ЕАК, 7 АЕК және 100АЕК көрсету тәртібі.

Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1)жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

8. Ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек;

Бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:

1.мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

2.бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

3.бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

4.зейнеткерлік жасына жеткен зейнеткерлерге.

Медеу аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                                          Байқоныс Е. Д.