A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Заңнаманың даулы мәселелерді шешудегі тиімділік көрсеткіші


Заңнаманың даулы мәселелерді шешудегі тиімділік көрсеткіші

Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруі –Үкіметтің басты мақсаттарының бірі. Осыған орай, әділет органдарының жұмысы алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған. Бүкіләлемдік экономикалық форум көрсеткішінің нәтижесі бойынша Қазақстан 32 орынды иеленеді. Экономикалық сала – 54 орынды иеленсе, Үкіметтің тиімділігі бойынша – 19 орынды иеленген.

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі 7 индикатордың орындаушысы болса, 4 индикатордың жауапты орындаушысы болып табылады. Қазіргі уақытта индикатордың көрсеткішін көтеру мақсатында Әділет Министрлігі оның ішінде Алматы қаласы Әділет департаменті «Ашық есік күндері», «Әділет кеңес береді» сияқты көптеген іс-шаралар атқаруда.

Заңнаманың тиімділігін арттыру үшін ЖБИ ДЭФ–гі беделді қөзқарасты жақсарту мақсатында жоғары көрсеткішті, сонымен қатар, адам құқығын одан да тиімді қорғау үшін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Даулы сұрақтарды реттеу мақсатында «Медиация туралы» заң әрекет етеді, оған сәйкес азамат дауды сотқа дейін келісім арқылы шеше алады, бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді.

Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасы және өзге де құқықтық қатынастан туындайтын, сондай-ақ ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындауда туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Медиация екі жақтың еркіне, құпиялық, одақтастық пен жақтардың теңдігіне, турашылдық пен медиатордың тәуелсіздік принципіне негізделген жанұя проблемасын шешуде, оның ішінде некені бұзуда маңызы зор.

Қазіргі уақытқа дейін жанұя медиаторлар ролінің кейбір қызметтерін азаматтардың жанұялық құқығын қорғау қызметтері заңмен жүктелген келесі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар атқарып келді: қорғаншы және қамқоршы органдары, АХАТ бөлімдері, нотариат, прокуратура, ішкі істер бөлімдері (кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия), адам құқығы бойынша басқа да мекемелер.

Некені бұзу – бұл тек күрделі заң процесі ғана емес, сонымен қатар эмоционалды шиеленісу. Осыған орай, некені бұзу істерінде жанұялық психология саласында сараптамалық біліктілігі бар медиатор-маманның қатысуы маңызды.

Медиация мәні, ол некені бұзу кезінде сотқа дейінгі немесе соттан тыс жасалатын, некені бұзудың белгіленген тәртібіне байланысты ажырасып жатқан екі ерлі-зайыптының арасындағы дауды, мүліктік дауды, сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларын асырау, тәрбиелеуді шешуге бағытталған әрекет болып табылды.

Татуластыру рәсімі ажырасу ісінде жанұяны сақтап қала алмаған жағдайдың өзінде ерлі-зайыпты мен балалардың ортақ мүддесіне жауап беретін ерлі-зайыпты арасында жылы қатынас қалыптастыруға ықпалын тигізіп, дұрыс нәтиже береді. Біздің көзқарасымыз бойынша, медиатор жанұяларға орын алған проблеманы шешу мақсатында ең алдымен психологиялық көмек көрсететіндіктен, некені бұзу барысында медиация кез-келген ажырасу процесінде міндетті (сот немесе әкімшілік). Медиатор-маманның осындай келісімдерге қол қоюда рөлі өте зор, себебі, ол даулы сұрақты шешуге арналған, сонымен қатар сот ісін әлдеқайда жеңілдетеді.

Шетел құқықтық жүйесінде медиацияны кейбір мемлекеттік органдар қызметінің қатарына біріктіру үрдісі байқалуда, сонымен қатар жанұялық медиация заң шығару саласында жеке реттеледі және жанұялық-құқықтық дауларды шешуде медиацияның басқа түрлеріне қарағанда, соның ішінде некені бұзуда міндетті саты ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.

Азаматтық хал актілерін тіркеу

мен апостиль қоюды әдістемелік

қамтамасыз ету және бақылау

бөлімінің бас маманы                                                          М.Тулепбергенова