A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



ЖСН символдары туғанкүнімен сәйкескелмеуі– қате емес


ЖСН символдары туғанкүнімен сәйкескелмеуіқате емес

«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, жеке сәйкестендiру нөмiрi (әрі қарай –ЖСН) - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысымен бекітілген «Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» Ережесінің 3-тармақшасының 1-тармағына сәйкес ЖСН 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, сондай-ақ, жеке басты куәландыратын (туу туралы куәлік, ҚР азаматының паспорты, ҚР азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат және т.б.) құжаттарды беру кезінде жеке тұлғаға құрылады.

Бұрын 2013 жылға дейін аталған Ережемен ЖСН қалыптастыру және оқылу алгоритмі жеке тұлғаның туған күнiн, жынысын қамтыған болатын.

ҚР Үкіметінің 26.08.2013 жылғы № 853 қаулысымен бұл Ережеге өзгерістер енгізіліп, ЖСН сандық мәліметтерін азаматтардың дербес деректеріне байланыстыру алынып тасталды.

ЖСН қалыптастыру алгоритмі және оның құрылымы тек техникалық мәні бар, ол бала (қыз) асырап алудан басқа жағдайда, бастапқы қалпынан қандайда бір өзгертуге немесе түрлендіруге жатпайды.

Осылайша, ЖСН символдары туған күнiмен сәйкес келмеуі қате болып табылмайды.

Мемлекеттік органдарымен және басқа да мекемелермен ЖСН нөмірлерінің дұрыс еместігі негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді.