A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Медеу ауданы әкім аппараты АХАТ бөлімі 2018 жылы 6 айлық жұмысы жайлы МӘЛІМЕТ


Алматы қаласы Медеу ауданы әкім аппараты АХАТ бөлімі 2018 жылы

6 айлық жұмысы жайлы МӘЛІМЕТ

           2018 жылдың 6 айлығында Алматы қаласы Медеу ауданы әкім аппараты АХАТ бөлімінде 4859 азаматтық хал актілері тіркелді, 2017 жылдың (5262) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 426-ға азайды. Мемлекеттік баж салығы 5711617 теңгені құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 354320 теңгеге аз.

Азаматтық хал актілерін тіркеу түрлері

2017 жылдың 6 айында

2018 жылдың 6 айында

Салыстырғанда

1

Туылу

3147

2656

491-ге азайды

2

Қайтыс болу

648

642

6-ға азайды

3

Неке қию

824

847

23-ке өсті

Шетелдіктерді қоса алғанда

75 (2017 жылда – 175)

95

20-ға өсті

4

Неке бұзу

296

392

96-ға өсті

5

Әкелікті анықтау

225

215

10-ға азайды

6

Асырап алу

14

7

7-ге азайды

7

ТАӘА өзгерту

84

78

6-ға азайды

8

Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру

24

22

2-ге өсті

9

Барлығы:

5262

4859

403-ке азайды

10

Мемлекеттік баж

6065937

5711617

2522977-ге азайды

       2018 жылдың 6 айындағы есептік деректер негізі бойынша, неке бұзудың мемлекеттік тіркеу саны артты. Қайтыс болу 6 актіге кеміді, туылу 491 актіге, асырап алу 7 актіге, ТАӘА өзгерту 6 актіге, әкелікті анықтау 10 актіге кеміді.

       Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

       2018 жылдың 6 айында Алматы қаласы Медеу ауданы әкім аппараты АХАТ бөлімінде 7123 қызмет көрсетілді: оның ішінде ХҚКО арқылы – 3458, мемлекеттік орган – 1889, электронды басқару порталы – 1776, 2017 жылдың ұқсас кезеңінде 7938 қызмет көрсетілді, соның ішінде: ХҚКО арқылы – 5392, мемлекеттік орган – 1847, электронды басқару порталы – 699.

        АХАТ бөлімшесі ХҚКО мамандарымен неке-отбасы заңнамасы бойынша ай сайын оқыту семинарларын өткізеді, сондай-ақ апталық түсініктемелерді, ХҚКО-ға шығу туралы кеңес береді.

      

        Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету жыл сайын артуда, 2017 жылмен салыстырғанда 1077 өтінішке өсті, соның ішінде некені (бастапқы неке) мемлекеттік тіркеу, туылу, неке бұзу, қайталама куәлік және анықтамалар.

          2018 жылдың 6 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық хаттар – 4044; 2016 жылы – 4256, 212 арызға кем, ТМД елдеріне азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша Минск конвенциясына сәйкес құқықтық көмек көрсету 52 құжатты құрады.        

         

          Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 376 бабына сәйкес 2017-2018 жылдар аралығында әкімшілік сотқа материалдар жіберілмеді.

         

          Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша Алматы қаласының соттарына 2018 жылдың 6 айындағы сот тәжірибесі туралы 3 арыз берілді, сотқа АХАТ бөлімінің мамандары үшінші тұлғалар ретінде қатысты. Әрбір сот ісінде шағымдар мен ұсыныстарды қарастыруда азаматтық іс бойынша құжаттардың көшірмелері ұсынылды.

       

          АХАТ бөлімі ай сайын және тоқсан сайын Әділет департаментінің АХАТ бөліміне 3 түрлі есеп беріп отырады (мөртабан нысандары, мемлекеттік баж салығы туралы, асырап алу, мемлекеттік қызмет туралы – 97 нысан); қала әкімдігіне 2 түрін (мемлекеттік қызмет туралы есептер, іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстар туралы есеп) және ай сайын Алматы қаласының статистика Департаментіне есеп беріп тұрады.

       

Бөлімі басшысы                                                                                   В. Галиева