A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ
Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

22.05.2014 Ескалиев Бауыржан

Уважаемый Султанбек Алмасбекович!!! Я гражданин РК проживаю в г Алматы Медеуском районе с 2005 года женат воспитываю 2 дочерей. Живу в съемном квартире ( арендую) Хотелось уточнить возможно ли мне как гр РК получить земельный участок от государства ссылаясь на земельный кодекс РК? Если возможно то какие мне необходимы предоставить документы и куда? Заранее вас благодарю за ответ

Жауап

Уважаемый Бауржан! По вопросу выделения земельного участка, Вам необходимо обратиться непосредственно с письменным заявлением в акимат города Алматы по адресу: пл. Республики, 4. 04.06.2014г.

19.05.2014 Мендибаев

Құрметті Алмасбекұлы! "Думан" ы/ауданының көшелерінде автокөліктердің жүрісін тежеу үшін "лежащий полицейский" орналастырып тастаған, әсіресе Жиренше көшесінде әрбір он метр сайын "лежащий полицейскийлер" жатыр. Бұл дегеніміз автокөліктің жүрісін тежеп қана қоймай көліктердің техникалық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Менің пайымдауымша оны орналастыратын арнайы орындар белгіленген, көрінге көшелерде орналастыру дұрыс емес деп ойлаймын. Сол себепті осы жағдайды назарыңызға алып, тиісті мекемеге "Думан" көшелерін тексеріп, қажетісз жерлерден "лежащий полицейскилерді" алдыртып тастатқызуыңызды өтінемін.

Жауап

Құрметті Меңдібаев! Сіздің, Думан ықшам ауданындағы Жиренше көшесінде автокөлік жылдамдығына шектеу келтіретін қондырғылар жөніндегі сұрағыңызды сол орынға шығып қарастырдық. Хатта жазылған фактілер расталды. Сол себепті, Сіздің өтінішіңіздегі мәселелер бойынша шектеу келтіретін қондырғылардың заңдылығын анықтау үшін Алматы қаласы ІІД әкімшілік полициясына хат жолданғанын хабарлаймыз. 10.06.2014г.

27.03.2014 Аманбаев Нурболат

Мен Думан ы/ауданы, Хан-Тәңірі көшесінің тұрғынымын. Көктем басталып қар ерігелі Думан ы/а-дағы Қазығурт, Алатау, Қызылжар және т.б. көшелері кул-қоқыстан көрінбейді. Қоқыстарды тазалап, сыпырып жатқан ешкім жоқ. Жыл басынан бері Думанның тазалығына жауапты мекемелер екі рет өзгерді, бірақ тазалап жатқан мекеме жоқ, бар бітіретіндері көшегі шығарып қойған қоқысты аптасына бір мәрте тиеп алып кетеді. Осы жағдайды ескеріп тазалық жұмыстарын жүргізетін мекемелерге тапсырма беріп Думан ы/а-дағы көшелерді тазалатуыңызды сұраймын.

Жауап

Құрметті Нұрболат! Жоғарыда айтылған ықшам ауданның санитарлық жағдайына жауапты мердігер ұйымы "АлатауАвтоСпецТехника" ЖШС болып табылады. Аталған мердігер ұйымның басшысынан Алматы қаласы көріктендіру ережесінің талаптарына сәйкес жұмыстарды уақытысымен жүргізбегені үшін түсініктеме алынып, ескертілді. Қосымша, жоғарыда аталған ықшам ауданның көшелерінде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілгенін хабарлаймыз. 11.04.2014ж.

20.03.2014 Айнаш

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы! Біз Медеу ауданы 2-ой пер ключевой көшесінің 34 үйінде 16 жанұя тұрамыз. Бұл бұрынғы Мехкомбинаттың жатақханасы жекешеленген. Қазір 7-ші жыл бізде су жоқ. 2011 жылы 18желтоқсанда жатақхана өртенгенде өрт машинасы келгенше өшіруге су болмады. Ауыз суды колонкадан үлкен жолдан өтіп тасимыз. Қаланың ортасында тұрып (пляга) арбамен пляга сүйреп өтеміз. Жол ережесін күнде бұзамыз. Балалардың өміріне Алаңдаймыз. Әкімшіліктің уәдесімен осы уақытқа жеттік. Сіздің көмектесуіңізді сұраймыз.

Жауап

Құрметті Айнаш! Ключевой, 34 мекен-жайындағы тұрғын үйге су құбырын жүргізуге, Сізге, "Холдинг Алматы Су" (Жароков көшесі, 196 үй) МКК-не техникалық шарттарды алу үшін шағымдануыңыз қажет. Анықтама телефондары: 227-60-01. 31.03.2014ж.

18.03.2014 Фариза

2007 жылдан бері Медеу ауданы, 2-переулок ключевой 34 көшесінде тұратын тұрғындарда ауыз су жоқ. Әкімшілік уәде бергелі 5 жыл өтті. Суды жолдың арғы бетіндегі колонкадан тасимыз. Сіздерден көмек бола ма?

Жауап

Құрметті Фариза! Сіздің Медеу ауданы әкімінің сайтына түскен хатыңызды қарастыра отырып, Ключевой, 34 мекен-жайындағы тұрғын үйге су құбырын жүргізуге, Сізге, "Холдинг Алматы Су" (Жароков көшесі, 196 үй) МКК-не техникалық шарттарды алу үшін шағымдануыңыз қажет. Анықтама телефондары: 227-60-01. 31.03.2014ж.

09.03.2014 магперова нургул жумабайқызы

Құрметті әкім мырза ! Менің сізге қояр сауалым :Медеу ауданы Достық даңғылы" пагран городакта" №123/2 үй,32 -ші пәтерде сокольный этажда тұрамыз үй 1961 жылғы ,құбырлары ескірген сносқа кетеді деген сыбыс ба .Кете ме? Қашан кетеді осы сауалыма жауап беруіңізді өтінемін. Рахмет !

Жауап

Құрметті Нұргүл Жұмабайқызы! Достық даңғылы, №123/2 тұрғын үйдің бұзылуы жайлы нақты ақпаратты алу үшін, Абылай хан даңғылы, 91 үйде орналасқан Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына жазбаша арыздануыңыз қажет. Анықтама телефондары: 279-58-24, 279-56-32. 19.03.2014ж.

26.02.2014 Жаңабаев Тұрсын

Сәлеметсізбе? Мен Жаңабаев Тұрсын Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Маметова көшесі№1 үй тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері 1-ші топтағы мүгедекпін. Маған Ұлы жеңістің 65-жылдығына орай аудан әкімі Ипотекаға екі бөлмелі пәтер берген. Ай с айын зейнетақымнан 6000т еңге төлеп отырмын бұл үйдің суы жоқ, канализациясы істемейді, мен далаға шыға алмаймын. Бұл үйді жекеменшікке аудармаса маған қазіргі денсаулығыма байланысты "Өз еркіммен жүріп тұра аламағандығымнан" маған Алматыдан үй беруіңізді сұраймын.Ұлы Отан соғысының ардагерлері өте аз қалдық. Менің осы өтінішімді қараусыз қалдырмауыңызды сұраймын!

Жауап

Құрметті Тұрсын аға! Тұрғын үй мәселесі бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасына (Алматы қаласы Жароков көшесі, 215 үй, тел: 87273800499) немесе ХҚКО-на хабарласуыңыз керек екендігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қоюда және ұсыну сәтінде ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үй болмаса тұрғын үйге мұқтаж болып табыласыз, ал ҚР баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзіміне қарамастан) екендігін қосымша хабарлаймыз. 12.03.2014ж.

24.02.2014 Жанаева Токжан Максутовна

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы! «Думан» ы/ауданында көшелерді тазалау жұмыстары санаулы көшелерде жүріп өтеді, қалған Қазығұрт көшесінен жоғары орналасқан көшелерде қыс мезгілі басталғалы бері жауылған қар бірде-бір рет тазаланған емес, осының салдарынан автокөлік жолдары бір аяқ жолға айналып автокөліктерді айтпағанда жаяу адамның жүруі мүмкін болмай отыр. Көшелерді қардан, күл-қоқыстан тазалау өз дәрежесінде жүрмеу салдарынан тұрғындарға қолайсыз жағдай туғызып отыр. Осы мәселені өз тарапыңыздан бақылауға алып, жауапты мекемелерге тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсыруыңызды өтінеміз.

Жауап

Құрметті Тоғжан Мақсатқызы! Сіздің, думан ықшам ауданындағы Қазығұрт көшесінен жоғары орналасқан көшелердің санитарлық жағдайы жөніндегі сұрағыңыз бойынша сол орынға шығып қарастырдық, жоғарыдағы ықшам ауданның санитарлық жағдайына жауапты мердігер ұйым "АлатауАвтоСпецТехника" ЖШС. Сол себепті, аталған мердігер ұйымның басшысынан Алматы қаласы көріктендіру ережесінің талаптарына сәйкес, жұмыстарды уақытымен жүргізбегені үшін түсініктеме алынып, ескерту берілді. Қосымша, жоғарыда аталған көшелер арнайы техникамен (грейдер) тазартылып және мұзға қарсы материалдар себілгенін хабарлаймыз. 19.03.2014ж.

21.02.2014 Тілеубаев Шамек

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы, біз Медеу ауданына қарасты Қабанбай мен Бегалин көшелерінің қиылысқан тұсында жеке меншік үйлер секторында тұрамыз. Қабанбай көшесінің Қалдаяқов көшесіне дейінгі тратуарларының қыста қары күрелмейді, ал жазда қоқысы сыпырылмайды. Қыста жауған қар қалыңдап мұзға айналады, жазда ағаш жапырақтары мен қоқысқа толып жатады. Бұл траутарлармен жүретін адамдар үшін көп қиындықтар туғызады. Күн жылыған кезде қар еріп жүру тіптен қиындайды. Сонымен қатар тратуар бойына қойылатын машиналар жаяу жүргіншілірдің жүруін қиындатады. Әсіресе көшенің жоғары жағындағы тратуармен оқушылар мен балалы әйелдер жүргенде қатты қиындайды. Осы мәселелерге назар аударып, тиісті Басқармаларға қадағалауға тапсырма берсеңіз дұрыс болар еді.

Жауап

Құрметті Шамек! Жоғарыда аталған жаяу жүргіншілер жолының санитарлық жағдайына жауапты мердігер ұйым "Ұлғас Құрылыс" ЖШС. Сол себепті, аталған мердігер ұйымның басшысынан Алматы қаласы көріктендіру ережесінің талаптарына сәйкес жұмыстарды уақытысымен жүргізбегені үшін түсініктеме алынып, ескертілді. Қосымша, жоғарыда аталған аумақты арнайы техникамен тазалап және мұзға қарсы материалдар себілгенін хабарлаймыз. 19.03.2014ж.

12.02.2014 Тимур Жуманов

Қазіргі елде қалыптасқан қаржы-экономикалық жағдайға байланысты Кармысова көшесінде орналасқан Ges-Servis СТО аяқ астынан қосалқы бөлшектерін (запчасть) 25 пайызға қымбаттатып отыр. Кеше қала Әкімінің бағаны қалыпта ұстап тұру керек деген еді. СТО-ның бұл әрекетін қалай бағалауға болады.

Жауап

Құрметті Тимур! Сіздің хатыңызды қарастыра отырып, қызметтердің және тауарлардың бағалары себепсіз өсуіне байланысты Сізге, Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы инспекциясына хабарласуыңызды сұраймыз. Мекен-жайы: Мақатаев көшесі, 117 үй, телефоны: 393-25-20. 07.03.2014ж.

27.01.2014 Берік Байымбетов

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы! Медеу ауданындағы Куратова көшесінен үй сатып алуды жоспарлап жүрмін. Бірақ кейбір сыбыстар ол көшенің бұзуға (снос) жататынын айтады. Бұл сөздер шынба (рас болса қашан), әлде ол аймақ бұзуға жатпайма? Жауабыңыз үшін рахмет!

Жауап

Құрметті Берік! Бұзылуға жататын аймақтар бойынша нақты ақпарат алу үшін Алматы қаласы Сәулет және қалақұрылыс басқармасына жазбаша түрде хабарласуыңызды сұраймын. Мекен-жайы: Абылай хан даңғылы, 91, телефон: 279-56-24, 279-56-32. 06.02.2014ж.

Страницы: Пред. 1 ... 4 5 6 7 8 Все