A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ
Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

Другое 26.03.2015 Адина

Уважаемый Султанбек Алмасбекович, ул. Тәттiмбета и ул.Луганского являются своего рода разгрузочными артериями для пр.Достык (особенно в часы пик). При этом, в последний год, выезд с ул.Лизы Чайкиной на ул.Тәттiмбета перекрыт в самоличном порядке жильцами частных домов, расположенных между университетом Туран и ул.Тәттiмбета шлагбаумами и другими ограждениями. Учитывая и без того сложную и перегруженную ситуацию на дорогая города, убедительная просьба, дать распоряжение об устранении таких произвольных перекрытий улиц. Спасибо большое!

Жауап

Уважаемая Адина Сериковна! По вопросу установки шлагбаума по ул. Л.Чайкина сообщаем, что нами направлено письмо в Управление административной полиции ДВД г. Алматы для рассмотрения и принятия соответствующих мер.

Саясат 19.03.2015 Аида

Сәлеметсіз бе, Сұлтанбек Алмасбекұлы! Алматы қаласында тұрақты жұмыс атқарамын, Медеу ауданы , Қажымұқан көшесінде тұрамын, бірақ тұрғылықты жер бойынша тіркелуім Шымкент қаласында. 26 сәуір күні өтетін Президент сайлауында Алматы қаласында дауыс беру мүмкіншілігіне ие болу үшін және сайлаушылар тізіміне қосылу үшін Медеу ауданы бойынша өтінішті сіздің атыңызға жазу керек па алде қалалық әкімшілікке ме? Рахмет

Жауап

Кұрметті Аида! Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық Заңының 24 бабының 5 тармағына сәйкес - сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде жасайды. Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмайтыны белгiлi болса, оның өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi аттарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқығы бар. Осы тармаққа сәйкес азамат өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелу орны бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады. Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне тиiстi әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады. Жоғарыда көрсетілген негіздерге сәйкес, өзіңіз болатын жеріңіз бойынша жергілікті аттарушы органға сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде сонымен қатар, қазіргі уақытта тұрып жатқан мекенжайыңызды көрсетіп жазбаша өтiнiш беруіңіз қажет.

Саясат 14.03.2015 Куралай

Самоуправство сотрудников полиций. Уважаемая власть медеуского района прошу Вас примите меры.

Жауап

Уважаемая Куралай! В соответствии с подпунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц" - обращение, не подлежит рассмотрению, в котором не изложена суть вопроса. В этой связи, рекомендуем Вам, конкретизировать суть вопроса для получения объективного и всестороннего ответа на Ваше обращение.

ТКШ 06.03.2015 Айнура

Курметти Султанбек Алмасбекулы. Сиздин аяулы аналарымызды курметтейтинизди ести дим. Колсай мкр.коптеген аналарымызды концерттерге шакырып сыйлыктар беретинин кордим. Меним енем Байгабатова Байгабатова Бигайша 01.07.1937 жылы туылган.биракта ол кисини мейрамдарда умытып келеди. Улкен кисилер бала сиякты гой бизге айтпаса да ренжигенин байкаймыз. Сизден отинерим алдагы мереклерде куттыктауды умытпанызшы. Биз канша сыйласак та сонша тер тогип истеген енбегимди Бир тал гулмен елесе де ризамын деп налиды.

Жауап

Құрметті Айнұр! Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Медеу ауданы әкімі аппаратымен Жамбыл атындағы филармонияда ұйымдастырылған мерекеге Көлсай елді мекенінің тұрғындары, соның ішінде Сіздің 1937 жылы туылған енеңіз Байғабатова Биғайша апай да шақырылған болатын. Алайда, бізге белгісіз себептермен аталмыш шараға енеңіздің қатыспағанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, болашақта аудан көлемінде өткізілетін мерекелік іс-шараларға Сіздің өтінішіңіз ескерілетінін жеткіземіз.

Сырт 04.03.2015 Куралай

Также не следят за общественным правопорядком ( мусор воляется горой ) попустительство либо покрывая приезжих , болотных людей по усмотрению сотрудников полиций эту гору мусора убирают.

Жауап

Уважаемая Куралай! На момент обследования, факт срыва графика вывоза ТБО (твердые бытовые ходы) по ул. Менделеева не выявлен. Тем не менее, с председателем мусоровывозящией организации ПКСД "Ауана" была проведена разъяснительная беседа о не допущении, несвоевременного вывоза ТБО. Дополнительно информируем, что в частном секторе вывоз ТБО осуществляется бестарным методом, также для качественного вывоза мусора, мусоровывозящей организацией ПКСД "Ауана", ведутся разъяснительные работв с собственниками частных домостроений расположенных по ул. Менделеева о необходимости выставоения ТБО по графику на прилегающей территории. По вопросу неправомерныхдействий со стороны приезжих людей живущих по соседству, Вы можете обратиться за защитой гражданских прав, в судебные органы с требованием пересечения действий, нарушающих прав или создающих угрозу его нарушения. Также Вы вправе написать заявление или письменной форме адресованное начальнику Медеуского районного отдела Управления внутренних дел, расположенное по адресу ул. Кабанбай батыра 93. Телефон для справок: 254-48-06, 254-48-16.

Сырт 02.03.2015 Куралай

Самоуправство, бездействие сотрудников полиций на с марку сотрудников убирающих мусор, стоит им убрать мусор приезжие люди (болотные люди) намеренно продолжают бросать мусор ни какой ответственности проезжающие сотрудники полиций не привлекают.

Жауап

Уважаемая Куралай! На момент обследования, факт срыва графика вывоза ТБО (твердые бытовые отходы) по ул. Менделеева не выявлен. Тем не менее, с председателем мусоровывозящией организации ПКСД "Ауана" была проведена разъяснительная беседа о не допущении, несвоевременного вывоза ТБО. Дополнительно информируем, что в частном секторе вывоз ТБО осуществляется бестарным методом, также для качественного вывоза мусора, мусоровывозящией организацией ПКСД "Ауана", ведутся разъяснительные раоты с собственниками частных домостроение расположенных по ул. Менделеева о необходимости выставления ТБО по графику на прилегающей территории. По вопросу неправомерных действий со стороны приезжих людей живущих по соседству, Вы можете обратиться за защитой гражданских прав, в судебные органы с требованием пересечения действий, нарушающих права или создающих угрозу его нарушения. Также, Вы вправе написать заявление в письменной форме адресованное начальнику Медеуского районного отдела Управления внутренних дел, расположенное по адресу: ул. Кабанбай батыра, 93. Телефон для справок: 254-48-06, 254-48-16.

Сырт 20.02.2015 Гульвира

Сәлеметсіз бе құрметті Медеу ауданының Әкімі! Біз пер.Полевой 7 үйде 1996 жылдан бері тұрамыз. Үйіміз өзеннің жағасында орналасқан. Айрықша өтінемін Полевой 7 көшесіндегі үймен шатыстырмаңыз, ол үй Оренбургская көшесінің екінші жағында. Біздің көше Переулок Полевой 7, қасындағы 9 үй бар, сонымен үйлер бітеді, тупик көше. Айтайын дегенім, 2014 жылы үйдің қасында ағып жатқан өзенге таспен қоршап биіктеп көтеру жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Осыдан бастап, барлық өзінің төменгі деңгейімен өзенге кетіп жатқан сулар переулок Полевой 7 мен Полевой 9 үйдің аумағына жиналатын болды.20-жылдай тұрған уақытта ешқашанда су есік алдына жиналмаған болатын. Енді бұрын жер асты өзенге кетіп жатқан сулар үйдің аумағына жиналатын болды.Өзенді жасаған компания жерді көтеруге топырақ төгіп берді,топырақты жайып төксек те көмектеспеді, су шығып кете береді, жер асты сулары, жаңбыр - бұлар бұрын өзенге кететін,енді өзенді таспен көтергеннен кейін осылай үйдің айналасына жиналады.Үй өте төменде орналасқан.Қалай тығырықтан шығуға болады.Бұл аталған үйлер сносқа жатуы мүмкін бе? Жауабыңызға алдына ала рақмет!

Жауап

Құрметті Гульвира! Сіздің сұрағыңызды қарастырып, Медеу ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына жоғарыда көрсетілген мәселе бойынша құзіретіне қарай шара қолдану үшін хат жолданғанын хабарлайды.

ТКШ 22.01.2015 Айнура

Курметти Султанбек Алмасбекулы! Биздин Колсай ауылында бала бакша кашан ашылады? Куйеуимнин жалакысы мардымсыз жане декреттик демалысымнын уакытБы да битуге таяу. Еки балага кутуши жалдауга букил жалакымыз кететин туриа бар. Сизден отинерим биздин Колсай ауылында бала бакша ашылганша Достык дангылынын бойындагы бала бакшага орналастыруынызды сураймын. Еки баланын анасы Мырзадилова Айнур Махмедханкызы.

Жауап

Құрметті Айнұр! Көлсай елді мекенінде балабақша тұрғызу жоспарда бар, қазіргі таңда құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, құжаттамалық дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сіздің балаңызды балабақшаға орналастыру жөніндегі келесі өтінішіңізді қарастыра келе, Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өзіңіз қалаған балабақшаға кезекке тұруға құқылы екеніңізді хабарлаймыз. Балабақшаға айына 2-5 жасқа дейін - 27.700 теңге, 5-7 жасқа дейін - 13 мың теңге төленеді. Кезекке қою үшін: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама қажет болады. Сізге Достық даңғылына жақын орналасқан №125 (Армянская көшесі, 7) және №110 (Байжанов көшесі, 107/4) бала бақшаларына кезекке тұруға кеңес береміз.

Саясат 21.01.2015 Мустафа

Сәлеметсіз бе, бұзу үшін сұрағым бар! Бұзу, көше Sovrasova ме. Және үй № 6 атаулары! Бұл елді Punt бұзу кетсе ???

Жауап

Құрметті Мустафа! Саврасов көшесі №6 үйдің бұзылуы жайлы нақты ақпаратты алу үшін Абылай хан даңғылы, 91 үйде орналасқан Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына жазбаша арыздануыңыз қажет. Анықтама телефондары: 279-58-24, 279-56-32. 27.01.2015 ж.

ТКШ 21.01.2015 Айнур

Саламатсыз ба әкім мырза! Менің қоятын сұрағым: Биз Медеу ауданының Думан ы/а тұрамыз. Жердің құжаттарын рәсімдеу кезінде мынандай мәселе туындап отыр. Жеріміздің жанынан жіңішке жол түсу керек болатын, бірақ кейін сол жол түспейтін болғандықтан көршілеріміз жолдың жартысын өздеріне заңдастырып алған. Ендігі ретте биз екінші жартысын заңдастыруымыз үшін не істеуіміз керек? 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталған легализация жалпы құжаттарды рәсімдеуге қандай септігін тигізбек?

Жауап

Құрметті Айнұр! "Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңының 11 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлікті жария ету субъектілері комиссияға келесі құжаттарды: 1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидалары сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; 2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық құжатын ұсынады. Материалдарды қабылдау жұмыстары күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі (анықтама телефондары: 291-79-10, 291-18-64). Комиссияға түскен материалдарды қарастыру барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады. 05.02.2015 ж.

Сырт 16.01.2015 Индира

Салеметсизбе! Уй алуга кезекке калай турсак болады. Биз Алматыда 7 жыл бойы сьемный квартирада турып келемиз,пропискам ауылда. Алматыда пропискага туратын танысымыз жок. Кезекке туру ушин калалык прописка керек дейди. Жауап кутем комектесинизши отинем?!

Жауап

Құрметті Индира Нарбекқызы! "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасына байланысты толық мәлімет алу үшін, Сізге Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жазбаша арыздануыңыз қажет. Анықтама телефондары: 380-05-08, 380-04-97. 21.01.2015 ж.

ТКШ 18.12.2014 Ерсайын

Добролюбова/Есенберлин көшесі қилысында жөндеу жұмыстарының дұрыс жасалмауынан қатты жер қозғалысы пайда болды. Үйлеріміз қозғалып, жарыла бастады.Жол астында жоғары қысымды газ магистралы жатыр. Бір күні қатты жарылыс болатыны анық. Осыны тез шеуіңзді сұраймыз. 6 адам қол қойған хат жолданған.05.12.2014 жылы әкімшілік сайтында жалған жауап берілген. халық өтініші орындалмаса, қалалық әкімшіліке, прокуратураға арыз береміз. Сенім білдіруші халқыңыз. рахмет. 18,12,2014ж

Жауап

Құрметті Ерсайын Мышанұлы! Сіздің хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес, "Алматы газ жүйелері" ЖШС-не өз құзіретінде толық қарастыру үшін жолдағанымызды хабарлаймыз. 24.12.2014 ж.

24.11.2014 Еркедулан Молдасанов

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы ! 1. мен жас отбасы 2020 бағдарламасына қалай қол жеткіземін.?үиленгенмін, бір балам бар. 2. ҚР президентінің жарлығымен үйі жоқ әр қала азаматы 6 сот. жер алу мәселесі шешілген бе? рахмет

Жауап

Құрметті Ерсайын! "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы туралы толық ақпарат алу үшін, Сізге Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына (Жароков көшесі, 215 үй, тел.380-05-08, 380-04-97) және жер телімін алу сұрағыңызға ақпарат алу үшін, Алматы қаласының әкімдігіне (Республика алаңы, 4) арыздануыңыз қажет екенін хабарлаймыз. 28.11.2014 ж.

24.11.2014 Молдасанов Ерсайын Мышанович

Добролюбова/Есенберлин көшесі қилысында жөндеу жұмыстарының дұрыс жасалмауынан қатты жер қозғалысы пайда болды. Үйлеріміз қозғалып, жарыла бастады.Жол астында газ магистралы жатыр. Бір күні қатты жарылыс болатыны анық. Осыны тез шеуіңзді сұраймыз. 6 адам қол қойған хат жолданған. жауап жоқ. Сенім білдіруші халқыңыз. рахмет.

Жауап

Құрметті Ерсайын Мышанұлы! "Алматы Газ Жүйесі" ЖШС қызметімен Есенберлин көшесі мен Добролюбов көшесінің қиылысында газ құбырына апаттық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көріктендіру жұмыстары толығымен орындалды. 05.12.2014 ж.

18.11.2014 Сүйінбаев Октябрь

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы! Сіздің қаланың көркіне,көгалдандырылып абаттануына,ұлттық нақыштағы сәулетті ескерткіштер орнатқаныңызға әрқашан ризамын.Сізге аз ғана бұйымтайым,көптен бері шағын өлендер кітапшамды шығара алмай жүр едім,ел ағасы ретінде демеу бере аласыз ба? Үлкен рахмет

Жауап

Құрметті Октябрь! Ауданымызда атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижесін оңды бағалағаныңызға алғыс білдіреміз. Хатыңызда аталып өткен сұрауыңыз бойынша, Медеу ауданы әкімдігінің қаржы қорында өлең кітапшаларының баспасына байланысты қаражат қарастырылмағандығын хабарлаймыз. 09.12.2014 ж.

04.11.2014 Шолпанбаева Жансая Жанболаткызы

Аса Құрметті әкім мырза. Сізге көп рахмет. Еңбегіңіз жансын. Сізге сұрагым. Наурызбай батыр Гоголя киылысындағы аялдаманын төбеси және орындығы жоқ, бір жағы бұзылған . Өте ыңғайсыз. Аялдамадағы дүнгіршек әлі істеуде спирттік шараптар сатылады. Тыныштық жоқ. Дүнгіршек алынып аялдама жөндеуге келтірілуін сұраймын. Өтінем сұрагым жауапсыз қалмасыншы.

Жауап

Құрметті Жансая Жанболатқызы! Аталған мекен-жай Алмалы ауданына қарасты болғандықтан Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру жайлы" Заңының 11 бабы 1 тармағына сәйкес, Алмалы ауданы әкімінің аппаратына хат жолданғандығын хабарлаймыз. 24.11.2014 ж.

06.10.2014 Токтарбаев Ерканат

Ассалаумалейкум құрметті әкім мырза. Менің сізге айтар өтінішім, Есенов көшесінің тазалық жағдайы. Есенова көшесі Мақатаев көшесінен бастап, Маметова көшесіне дейін ешқашан тазаланбайды. Көше сыпырылмайды, арықтар қоқысқа толған, қоқыс салатын жәшіктер әбден тозығы жеткен. Ал бұл көшемен жиі-жиі шетелдік қонақтардың көк базардан орталық мешітке қарай өткенін көреміз. Осы көшені тазалап, бір мезгіл машинамен жуып өтсе, өте жақсы болар еді. Осы көшенің тұрғындарына да, келген шетелдік қонақтарға да ынғайлы болар еді. Сізден осы мәселенің оң шешімін табуын өтінемін.

Жауап

Құрметті Ерқанат! Жоғарыда аталған көшелердің санитарлық жағдайына жауапты мердігер ұйымдар "BSHZ-Dostyk Company" ЖШС және "Алматы Тазалық" МКМ болып табылады. Сол себептен, аталған мердігер ұйымдар басшылығынан Алматы қаласы Көріктендіру ережесінің талаптарына сәйкес жұмыстарды уақытысымен жүргізбегені үшін түсініктеме алынып, ескертілді. 23.11.2014 ж.

25.09.2014 Шелекбаева Камаш Абдуалиевна

Султанбек Алмасбекұлы мен Шелекбаева Камаш Ш.Уалиханов 83/24 пәтердін тұрғыны.Көпқабатты тұрғын үйдің, оның ішінде менің пәтерімнің астынан фундаментке су сылдырлап ағып жатқанына 11 ай болды, судың сылдыры күннен-күнге ұлғаюда еденнен көгерген иіс келеді. Сізге 27.01.2014 жылы жазылған арызымда құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізу сұрағы 2013-2014 жылдардағы жылыту маусымы аяқталған соң қарастырылатыны хабарланған болатын, бірақ жіберілген жауап күні бүгінге дейін орындалған жоқ. Осы мәселені 2014-2015 жылыту маусымы басталғанға дейін шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап

Құрметті Қамаш Әбдуалиқызы!Уалиханов көшесі, 83/24 мекен-жайдағы су құбырының апаттық жағдайы "Холдинг Алматы Су" МКК қызметімен тоқтатылғанын хабарлаймыз. 10.11.2014 ж.

11.09.2014 Жаркын Сабиева

Құрметті әкім мырза!Сізден өтініп сұрайтыным,Шығыс айналма жолындағы,әсіресе №53 мектеп жанындағы жер асты және жер үсті өткелдерінің тазалығына көңіл бөлсеңіз екен. Жер асты өткелінің іші сасық, мусор, өте қараңғы. Сол жолмен балаларымыз мектепке өтеді. Өмірлеріне өте қауіпті . Шара қолдануыңызды сұрайймын.

Жауап

Құрметті Жарқын! Жоғарыда аталған өткелдердің санитарлық жағдайына жауапты мердігер ұйым "BSHZ-Dostyk Company" ЖШС. Аталған мердігерлік ұйымның басшылығынан Алматы қаласы көріктендіру ережесінің талаптарына сәйкес жұмыстарды уақытысымен жүргізбегені үшін түсініктеме алынып, ескертілді. Жоғарыда аталған өткелдерге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілгенін хабарлаймыз. 30.09.2014 г.

06.08.2014 Пауло Коэльо

Саламалейкум! Будет ои порядок на пересечений улиц Пушкина- Макатаева?! Там продают мобильные телефоны сомнительного происхождения, а пакже велосипеды, планшетники, ноутбуки и даже мебель. Ведут себя на улице вызывающе и безкультурно. Матерятся, дерутся, загрязняют и т п. Вообщем, все делают, что вызывает общественный дискомфорт. Прошу Вас, принять меры, зная Вашу личностную неприязнь к такому беспорядку. Рахмет!

Жауап

Уважаемый Пауло Коэльо! В соответствии с пунктом 6 статьи 7 Закона РК №221-ІІІ от 12.01.2007 года "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц", Ваше обращение направлено в производство УВД Медеуского района, как уполномоченному органу в рассмотрении поставленного вопроса. 22.08.2014 г.

Страницы: Пред. 1 2 3 4 5 6 След. Все