A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
  • Негізгі бет
  • Мемлекеттік қызмет имиджі
  • «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Мемлекеттік қызмет имиджі МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ИМИДЖІ



«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы


Жоба

                   

«Алматы қаласы Медеу

ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қызметтік                                   

куәлік беру қағидасын

және оның сипаттамасын

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі ШЕШТІ:

1. Бекітілсін:

1) осы шешімнің 1 қосымшасына сай «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары;

2) осы шешімнің 2 қосымшасына сай «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктің сипаттамасы.

2. «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда,                                сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Медеу ауданы әкімі аппаратыныңинтернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Б.Халбековке жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласы

Медеу ауданының әкімі                                           Е. Жилкибаев

         Енгізеді:

         Персоналды басқару қызметі

         (кадрлық қызмет) бөлімі басшысы                                  А. Нурманбетова

         Келісілді:

         Аппарат басшысы                                                         А. Халбеков

         Мемлекеттік-құқықтық

         бөлімінің басшысы                                                         Р. Исламова




«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Медеу ауданы әкімінің шешіміне

Түсіндірме жазба

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ-сі

2

Актіні қабылдау қажеттігінің негіздемелері

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жоқ

4

Жобаны жүзеге асыру бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі

Қарастырылмаған

5

Жобаны қабылдауда болжанатын тиімділігі және нақты мақсаттары, күткен нәтижелер мерзімдері

Жоқ

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметінің бұрын қабылдаған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7

Жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі

Жоқ

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Жоқ

9

Басқа мәліметтер

-

10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

-

11

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Медеу ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылған

12

Әлеуметтік маңызы бар қаулының жобасына баспасөз релизін мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) орналастыру туралы ақпарат

Жоқ

13

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Жоқ

14

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоқ

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                            Р. Исламова