A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Мемлекеттік қызмет имиджі МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ИМИДЖІ



Әдеп кодексі – әдептілік негізі


Әдеп кодексі – әдептілік негізі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ЕРЕЖЕ бекітілген болатын.

      Әдеп жөнiндегi уәкiл (бұдан әрі-Уәкіл) – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (бұдан әрi – Әдеп кодексi) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға консультация беретiн мемлекеттiк қызметшi.  Өз қызметiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексiн, осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Аумақтық бөлiмшелерi немесе ведомстволарының аумақтық бөлiмшелерi жоқ мемлекеттiк органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн қоспағанда), орталық мемлекеттiк органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлiмшелерiнде, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволарының аумақтық бөлiмшелерiнде, шет елдегi мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкiмдерiнiң аппараттарында әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функциялары осы мемлекеттiк органдардың қызметшiлерiне жүктеледi.
          Уәкiлдiң функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадiрлi және құрметке ие болған мемлекеттiк қызметшiге жүктеледi.

Уәкiлдің қызметтік функциялары өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсетедi;
    -мемлекеттiк қызметшiлердiң заңдарда белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етедi;
     -өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын бұзу фактiлерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;
         -ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес келетiн өзара қатынастар мәдениетiн қалыптастыруға жәрдемдеседi;
      - мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;
     - мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеудi және бақылауды жүзеге асырады;
      - мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қызметтiк әдеп нормаларын бұзу деректерi бойынша тиiстi шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттiк органның басшылығына хабарлайды;
     - мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттiк органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгiзедi;
       -Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң оң бейнесiн қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
         - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн сақтау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлермен түсiндiру жұмыстарын тұрақты негiзде жүргiзедi;
         - заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi лауазымды адамдарға қызметтiк әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн қарау туралы ұсыныммен жүгiнедi;
         - қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметтi ұйымдастырады.
        Уәкiл өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:

-Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзуға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды талдауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды сұратады және алады.
         - өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексiнiң нормаларын түсiндiру үшiн мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) заңнамада белгiленген тәртiппен жүгiнедi;
         - мемлекеттiк органның басшысына мемлекеттiк органның оң имиджiн және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулi үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгiзедi;
         - қажет болған жағдайда өзiнiң құзыретiне қатысты мәселелердi қарау кезiнде кадр қызметiнен мемлекеттiк қызмет өткеру мәселелерiне қатысты мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке iстерiн, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.
         - негiзсiз бас тартылғанда, мемлекеттiк органның басшысы тиiстi шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөнiндегi уәкiлге жүктелген функцияларды орындауға кедергi келтiретiн әрекеттердi (әрекетсiздiктердi) жасағанда, әдеп жөнiндегi уәкiл бұл туралы уәкiлеттi органға не оның аумақтық бөлiмшесiне хабарлайды.
      Уәкiлеттi орган не оның аумақтық бөлiмшесi мұндай хабарлама келiп түскен кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасында белгiленген тиiстi шараларды қолданады.

         Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін ұйымдастыру мақсатында мемлекеттiк орган басшыларының бейтараптығы негiздi күмән тудыратын, лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөнiндегi уәкiл өз қызметiн дербес негiзде жүзеге асырады. Өз қызметiнiң нәтижесi бойынша уәкiлеттi органға есеп бередi. Есеп беру нысанын және мерзiмдерiн уәкiлеттi орган бекiтедi. Функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi және басқа да азаматтарды олардың өтiнiшi бойынша немесе баршаға көрiнетiндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемiнде бiр рет қабылдауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттiк қызметшiмен әңгiмелесу телефон арқылы не тиiстi ақпарат берудi қамтамасыз ететiн басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргiзiлуi мүмкiн. Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы мәлiметтер, оның iшiнде тегi, аты-жөнi, фотосуретi, кабинет және телефон нөмiрлерi заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның интернет-ресурсында және мемлекеттiк органның ғимаратында баршаға көрiнетiндей жерде орналастырылады.
         Қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйiн мониторингтеу мақсатында әдеп жөнiндегi уәкiл кемiнде жарты жылда бiр рет уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша анонимдi сауалнама жүргiзiледi.

         Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы

Р. Исламова