A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Мәдениет және демалыс саябағы


Орталық мәдениет және демалыс саябағы 1935 жылы ашылды. Аумағы 100 га аса жерді алып жатыр. 1856 жылы салынған, алғашқы атауы «Қазыналық бақ». Саябақта 2 мыңнан жоғары өсімдік түрлері өсіріледі, жасанды су қоймасы (қайық стансасы, су аттракциондары) жасалған, 30-дан аса аттракциондар, «Родина» кинотеатры, мәдени-көпшілікке арналған павильондар мен алаңдар, зообақ бар.


1869-75 жж. гүлдерге толы оранжереялар салынды. Саябақ – көптеген естеліктер мен тарихи оқиғаларға куә. 1919 жылы саябақта Жамбылдың қатысуымен айтыс өтті.
Саябақтың кең алқабындағы ескі бөлігінде үйеңкі мен қарағаш, қайың мен жөке ағаштары орналасқан. Жаңа жасыл алқабында амур бархаты, Тянь-шань шыршасы, үлкен шағандар. Олардың бұтақтарына қара сары шымшықтар, египет орман кептері, сайрауық құстар ұя салған. Екі миллион гүлдер түрі ерте көктемнен қара күзге дейін бір-бірін әртүрлі декаративті үлгілерде ауыстырып отырады.


Саябақтың солтүстік бөлігінде – тыныш аймақ: раушан көшеті, түрлі-түсті жаппалар және жасыл текшелер.