A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Орталық мешіт


Пушкин және Мәметова көшелерінде орналасқан, 1996-1999жж. салынған. Жоба авторлары: архитекторлар - С.К. Баймағамбетов, Ж.Н. Шарапиев, К. Жарылғанов; құрастырушы -К.Р. Төлебаев.


Діни сәулет ескерткіші (2002 ж. 23 қаңтардағы Алматы қ. мәслихатының XV сессиясының қаулысы).

Өлшемі 76 х 50 м. тікбұрышты, үш қабатты ғимарат. Биік аттик жабынды периметрі бойынша алаңды жауып тұр. Оңтүстік-батыс бөлігінде Меккеге қаратылып салынған күмбезді бесқырлы михрабпен ерекшеленеді. Мешіт бұрыштарында жартылай дөңгелек күмбездері (биіктігі 25м) бар гүлдасталары қойылған. Ғимараттың басты күмбезі (биіктігі 36 м, диаметрі 20м) екі қабатты барабанға орнатылған. Ол сталактиктер белбеуімен, түсті өрнектерден құралған эпиграфикамен (Құран сүрелері) және алтын жалатылған жарты аймен әшекейленген. Бастапқыда күмбездер ашық көк стеклокерамикалық тақталармен жабылған болатын. 2010-2011 жж. күмбездер қайта жөнделіп, олар алтын тілімшелермен жабылды.

Кіре берісте ойылып жасалған мәрмәр тақталармен әшекейленген сүйір қақпасы бар пештактар орнатылған. Оңтүстік-шығыс жағында мешіт мұнарасына (биіктігі 47м) баратын екі қабатты өткел бар.

Ғимараттың іші (сыйымдылығы 3 мыға жуық табынушы) екі қабатты аркадасы бар залдан (жұмалық, салттық және әйелдер залдары) тұрады. Жоғарғы қабатта сыйынушыларға арналған жартылай қабат тағы бар. Михраб оюлармен өрнектеліп қыштан жасалған тақтайлармен әшекейленген. Бетше босағада ойылып жасалған ағаш есік қолданылған. Астыңғы қабатта дәрет алатын, жуынатын және басқа да қосымша бөлмелер бар.

2000 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қуаты күшті кондиционер орнатылды, кабинеттер компьютерлермен жабдықталды, құран оқитын бөлмедегі орындықтар бағалы ағаштан жасалған. Ондаған жас қарағайлар отырғызылған, 1700 кв.м аумақта саябақ орналасқан. Алматының орталық мешіті 7 мың адам сыйдырады.