A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Жамбыл Жабаев ескерткіші


Жамбыл Жабаевтың жаңа ескерткіші «Искра» кинотеатрының алаңына 1996 жылы ақынның 150 жылдығына орнатылған болатын. Скульптор - Х.Наурызбаев. Ұлы ақынның ескерткіші қоладан құйылған және ақынның шығармашылық сәті бейнеленген. Ақын сол қолына домбырасын ұстап отырып, ойлана алысқа қарап отыр.



Жамбыл Жабаев (1846-1945 жж.) халық ақыны, қазақ халық ауыз шығармашылығының ірі өкілдерінің бірі. Оның алғашқы ән шығармашылығын үйретушісі Сүйінбай ақын болған.   

Танымал шығармалары: «Ленин мұражайында», «Халыққа сәлем», «Мен бүкіл әлемді шарладым», «Туған жер».

Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың жалынды өлеңдері ерлік күресіне шақырды. «Москва», «Ленинградтықтар, балаларым менің!» өлеңдері жауынгерлерге дем берді. Алматыда оның атымен Қазақ Мемлекеттік филармониясы, көше, Іле Алатауында шың мен мұз шатқалы аталады.