A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Абай ескерткіші


Абай ескерткіші - Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға орнатылған ескерткіш (1960). Ескерткіштің тұтас биіктігі - 13,7 м.


Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған. Тұғырдың алдыңғы бетіне «Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845-1904)» деп жазылған. Мүсінші X. Е. Наурызбаев ақынның өмір белестерінен өтіп, халық қамқоршысы, ел ағасына айналған кезін, толыққан, салиқалы бейнесін жасаған. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Сәулетші И. И. Белоцерковский де ескерткіш тұғырын, ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түсетіндей, Абайдың шыққан биігін символдық тұрғыдан бейнелей алатындай көлбеу өрлеткен. Ескерткіштің алдынан басталып, батысқа қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан әсем көше – Абай даңғылы ақынның поэзияда салған ұлы сүрлеуі іспеттес. Абай ескерткішіне қазақ және басқа ұлт ақындары (Қ. Мырзалиев, С. Сейітов, С. Хангелдин, Ө. Жайлауов, Ш. Садыханов, Н. Жарқынбаев, Т. Жұмамұратов, Г. Некрасов, М. Оспанов т. б.) өлең-жыр арнаған.