A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Ұлттық ғылым академиясы


Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, еліміздің жоғарғы ғылыми мекемесі 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандағы базасы болып құрылған. Осы филиалдың негізінде 1946 жылы Республиканың Ғылым академиясы болып қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993-1996, 1999-2003) —ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен "ҚР Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.

Жарғыға сәйкес ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ғылым академиясының мүшелерін (академиктерді), корреспендент-мүшелері мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылды. Ғылым академиясы басқарушылық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени және басқа функцияларды жүзеге асыруға құрылған республикалық мемлекеттік мекеме болып табылды. Ғылым академиясының мемлекеттік органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің оған қатысты функцияларын жүзеге асыратын органы ҚР Білім және ғылым министрлігі болып табылды. ҚР Ұлттық ғылым академиясы қызметінің мақсаты мен негізгі бағыттары мыналар болып табылды: ғылыми-зерттеу қызметі; ҚР ғылымының жай-күйін талдау және дамуын болжау; ғылымды дамыту мен ғылыми кадрларды даярлаудың басым бағыттарын айқындау; ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және орындалуын үйлестіру; өз құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытута жәрдемдесу.

Ұлттық ғылым академиясы жалпы басшылықты және қызметін үйлестіруді уәкілетті орган (министрлік) жүзеге асырды. Ғылым академиясы басқармасының атқарушы органы ҚР ҒА президенті болып табылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы " республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды.