A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Халықтық-музыкалық аспаптар мұражайы


Қазақ халық музыка аспаптар мұражайы маңызды күрделі жөндеуден кейін есігін өз көрермендеріне 2013 жылдың 15 мамырында айқара ашты.

    

Музей ғимараты Қазақстанның тарих және архитектура ескерткіші болып табылады.

Бұл ғимарат 1908 жылы Верный қаласының атақты архитекторы А.Зенковтың жобасы бойынша Пушкин скверіне салынған. Ғимараттың сыртқы келбеті ағаштан өрнектеліп жасалған және «ағаш», «шынжара», «үзілмес», «өткізбе» сияқты ұлттық оюлармен көмкерілген.

Ең алғаш музей ғимараты «Офицерлер құрамының клубы» деп аталатын.

1918 ж.кейін – «Пошта-телеграфты контор», «Қызыл Жұлдыз» кинотеатры,

Офицерлер үйі ОАӘО (ортаазиялық әскери округ) 1918 жылы ғимаратта Верныйдің уъезді-қалалық жұмысшылары, солдаттар және шаруалар депутаттарының Кеңесі орналасқан.

1918 ж. бұл жерде Жетісу облысының 1 – Кеңестер съезі өтті (мемориалды тақта).

Қазақстан Республикасының жарлығы (№ 358) бойынша 1980 жылдың 1 тамызында Қазақ ССР-нің «Республикалық халық музыка аспаптар мұражайы» пайда болды. Сол кезден бастап қазіргі кезге дейін Қазақ халық музыка аспаптар музейі осы ғимаратта орналасқан.

2012 жылы Мәдениет жылы қарсаңында Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшылығымен музейді күрделі өндеуден өткізу шешімі қабылданған. Музей сыртқы келбетін өзгертіп қана қойған жоқ. Музей жұмысының жаңа стратегиясы енгізіліп, уақыт талабына, ең бастысы, болашақ ұрпақ пен көрермендердің талғамдарына сай мәдени орталық болу жоспарлануда.

Музей экспонаттарды сақтайтын орын ғана емес, бұл ірі ғылыми орталық.

Музей қызметкерлері іздеу, зерттеу жұмыстары арқылы қазақ музыка мәдениетіне аты шықпаған жаңа шығармалар мен есімдерді енгізуде.

Отыз жылдық тарихы бар Қазақ Халық Музыка Аспаптар Музейі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында теңдесі жоқ Қазақ музыка мәдениетінің баға жетпес қазынасы.

  

Жұмыс уақыты:сағ.10:00-19:00, Барлық күндері (дүйсенбіден басқа)

Сіздерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Алматы қ., Зенков көш., 24/А (Гоголь көш.)

28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ

Біздің байланысымыз:тел: +7 727 291 63 26,

www.kazmusmuseum.kz