A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



"Қазақстан" қонақ үйі


1960-1965 жылдары Алматыда ең маңызды нысандар Ленин даңғылында, қазіргі Достық даңғылы, Абай даңғылының қиылысында Республика Сарайы, екі залды «Арман» кинотеатры, Қоғамдық-саяси орталық ғимараты, Қазақстан қонақ үйінде 1000 орынға есептелген жаңа Саяси ағарту үйі салынған болатын.

Заманауи инженерлік құралдармен жабдықталған және алтын тәж киген қонақ үй 25 қабатты бойымен қала үстінен биікте тұр.

Сәулетті сұлу – КСРО-да бірінші 9 балдық сейсмалық аймақтағы жоғары қабатты етіп салынған. Қонақ үйдің 102 метрлік корпусы темір-бетонды монолитке отырғызылған, өзінің қомақты көлеміне қарамастан жеңіл және әсем көрінеді. Қонақ үйдің сәулеті дамыған кеңес сәулетіндегі маңызды оқиға болып танылды.