A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Республика сарайы


Республика сарайы Достық даңғылы бойында Абай даңғылы қиылысында орналасқан. 1970 жылы салынған. Архитекторлары: В.Ю. Алле, В.Н. Ким, Ю.Г. Ратушный, Н.И. Рипинский, А.Г. Соколов, Л.Л. Ухоботов және басқалар.


Республика Сарайы Алматыдағы Абай даңғылын тұйықтай орналасқан. Төңірегіне ірі ғимараттар шоғырланып, Абай алаңы архит. ансамблін құрайды. Оның көлемдік композиция құрылымы 8 темір-бетон тірекке иек артқан алып қайқы шатырдан және астыңғы шаршы бөлігінен тұрады. Вестибюль мен фойенің тас баспалдақ арқылы ғимарат алдындағы серуен алаңымен жалғасуы перспективалық ұласымдылық туғызады. Республика сарайының негізгі композиция кіндігіне 3 мың орынды көрермендер залы орналасқан. Зал орындары тұтас амфитеатр түрінде шешім тапқан. Сахнасы (ені 48 м, төрі 18 м) және залы күрделі инженерлік тетіктермен жабдықталған. Қабырғаларының төбемен ұласар жері ашық қалдырылғандықтан, шатыр еңсесі көкте қалқып тұрғандай әсер береді. Еңселі фойе (биікт. 13 м) төбесіндегі ақшаңқан шамдар интерьерді көріктендіре түседі. Ғимарат астынан ағып өтетін табиғи өзен суы ауаны тазартып тұратын қосымша желдеткішке айналған. Р. с-ның экстерьері мен интерьерінде ақ мәрмәр, ағаштың бағалы түрлері, Маңғыстау ұлутасы, алюминий құйма пайдаланылды.