A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Офицерлер үйі


Офицерлер үйі - әскери және мәдени-ағарту орталығы. 1978 жылы Алматы қаласында археолог Ю.Г.Ратушный, О.Н.Балықбаев, Т.Е.Ералиев, конструктор Н.П.Разин, т.б. жасаған жоба бойынша салынды. Ғимараттың 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінің шығыс жағын ала бой көтеруі әрі осы парктегі «Даңк» мемориалымен ансамбльдік үндестік табуы - қаланың жаңа бір алаңының негізін жасады.

Құрылыстың орта иінінен шығарылған ашық арқа мемориал алаңын ұлғайта түскен. Офицерлер үйінің жалпы жобасы бедерлі бұғатпен жабылған алып бағаналар тізбегі сияқты. Бүл ғимараттың салтанат қакпасына ұқсас болуын қамтамасыз еткен. Ақ мәрмәр бағаналар арасына қара сұр габбро-диабаз тасымен қаптау, дөдегенің биік әрі бедерлі болып келуі оған салтанатты сипат береді. Офицерлер үйінің ішкі бөлмелерін әсемдеуге әртүрлі табиғи тастар, алюминий, сәндік пластмассалар, синтетикалық кілемдер, жасанды бағаналар пайдаланылған. Ғимарат 1991 жылға дейін Қызыл Тулы Орта Азия әскери округінің мәдени- ағарту мекемесінің әдістемелік орталығы болды. Қазіргі кезде офицерлер үйі көп салалы қызмет атқарады. Әскери мұражайы, 500 орынды концерт залы, 400 орынды кинотеатр, кітапхана, кино, фото және бейнелеу студиясы, бизалы, әртүрлі үйірмелер, т.б. халыққа кызмет көрсетеді.