A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



М.Әуезов мұражай-үйі


Мұхтар Әуезов бұл үйде 1951-1961 жылдар аралығында тұрған. Жазушы қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оның тұрғын үйін мұражай ету туралы сол жылдың 10-тамызында  Қаулы шығарады.


1963 жылы қарашаның 28-жұлдызында Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашты.

Үйде жеті бөлме бар, оның төртеуі – бірінші қабатта, үшеуі – екінші қабатта. Үйдің жобасын сәулетші Г.Герасимов жасаған.

Мұражайда Е.В.Вучетич, К.Т.Телжанов, Т.Урманч, А.Қастеев, С.А.Мамбеев, Н.Б.Нұрмұхамедов, Е.М.Сидоркин және басқа да өнер майталмандарының шығармалары жинақталған. Әуезовтің мұражай-үйі – қаладағы адам көп жиналатын мұражайлардың бірі, мұнда АҚШ, Англия, Франция, ГФР, Канада және т.б. елдерден саяхатшылар келіп тұрады.