A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Аудан мақтанышы АУДАН МАҚТАНЫШЫ



Алматы - тау етегіндегі қала


Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматы қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.

  
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.

    

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

Қала көркеюде және көріктенуде. Алматының тарихи орталықтарында Абылай ханның, Жамбылдың, Абайдың, Ғабит Мүсіреповтің, Мұқан Төлебаевтың, Тарас Шевченконың, интернационалист-жауынгерлердің ескерткіштері орнатылған. 1999 жылы А.С.Пушкиннің туылғанына 200-жыл толуына байланысты Ғылым ордасы жанына ұлы орыс ақынына ескерткіш қойылды.

Қалада жалпы аумағы 350 га 9 саябақ, 150 га алып жатқан 40 бақ бар. Алматыны бақтар қаласы және гүл қала деп бекер айтпайды. Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.