Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биікбелестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік!
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Біздің ресми Интернет-ресурсқа қош келдіңіздер!
Сіздермен Медеу ауданы әкімі аппаратының ресми www.medeu.almaty.kz сайтында жүздескеніме қуаныштымын! Қазіргі заманға сай жоғары технологиялар ғасырында, ресми Интернет-ресурстың құрылуы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін «электронды үкімет» бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады. Сайт беттерінен аудан мен аудан қызметтері туралы қажетті ақпараттарды алумен қатар, ауданда болып жатқан әр түрлі жаңалықтармен және қалада болып жатқан оқиғалармен дер кезінде таныса аласыздар. Сіздер өздеріңіздің толғағы жеткен, бірақ шешімін таппаған мәселелер туралы сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңыз бен игі тілектеріңізді тікелей атқарушы билік органдарында қызмет ететін мамандарға электронды пошта арқылы «Әкімге сұрақ» айдарына жазуларыңызға және тиісті жауаптарыңызды алуларыңызға болады...
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарынан 5 ақпанына дейін Алматыда 2012 жылдың допты хоккейден (бенди) әлем біріншілігі өтеді. Сайыс «Медеу» мұз айдынында және Орталық стадионда өтеді.
23.01'12 2011 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша аудан құрылымдарының басшылары есеп берді.
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Медеу ауданының әкімі С.Мәкежанов аудан әкімінің аппараты, АІІБ және салық басқармасының 2011 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша есеп беру отырысты өткізді.
19.01'12 Әлеуметтік маңызы бар аурулар туралы ведомствоаралық комиссиясының отырысы болып өтті.
Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Медеу ауданы әкімі аппаратында тұмау және грипп аурулары бойынша эпидемиялық жағдай туралы әлеуметтік маңызы бар аурулар туралы ведомствоаралық комиссиясының отырысы болып өтті
26.01'12 Алматы әкімі 2012 жылы бендиден әлем Чемпионаты өтетін спорт нысандарының дайындығын тексерді
Алматыда 2012 жылдың 29 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында допты хоккейден (бенди) әлем Чемпионаты өтеді. Оған Швециядан, Финляндиядан, Голландиядан, Норвегиядан, Ресейден, Белоруссиядан, Латвиядан, Эстониядан, АҚШ-тан, Канададан, Жапониядан, Венгриядан, Қырғызстаннан және Қазақстанннан 14 құрама командалар қатысады.
25.01'12 Алматыда жол салу мен оларды жөндеу қарқыны төмендемейді
2011 жылы Алматының жол инфрақұрылымында 61,7 млрд. теңге игерілді. Бұл туралы бүгін арнайы өткен брифингте Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар Басқармасының бастығы Владимир Меренков айтты.
20.01'12 Алматы қаласының Ү-ші шақырылымдағы Мәслихаты жұмысқа кірісті
Алматы қаласының Ү-ші шақырылымдағы Мәслихатының 1-ші сессиясын Алматы қаласы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахытжан Доспанов өткізді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанда «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі құрылды.