A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Медеу ауданының 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы


Медеу ауданының

2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы        

Медеу ауданының аумағы 253,4 ш.км құрайды, немесе 37% қала көлемінде.

            Халық саны – 205 353 адам. Тұрғындардың басым көпшілігі жергілікті халық (қазақтар) – 60,2 %, келесі ұлттардың ішінде көбісі орыстар – 26,1%, басқа ұлт өкілдерінің саны – 13,6% құрайды.

Бюджет

2018 жылы қаржыландыру жоспары бойынша ауданның бюджеттік бағдарламаларына 7 415,6 млн.теңге бөлінді, 7 413,9млн.теңге нақты игерілді, орындалуы 100% құрады.

Салық

2018 ж. көрсеткіші бойынша Медеу ауданына мемлекеттік бюджетте 542,9 млрд. тенге (102% жоспарлауға), сонымен қатар республикалық бюджетке 444,7 млрд. тенге (102% жоспарлауға), жергілікті бюджетке – 98,2 млрд. тенге (101,9% жоспарлауға).

Өнеркәсіп

Ауданда 14 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары белсенді жұмыс істейді.

2018 жылды өнеркәсіп өнімдері 110,8 млрд. Тенге мөлшерінде өндірілді, қалалық көлемдегі үлесі 12,5% құрайды

Аудынның қала көлемінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің үлесі 14,5%.

Өндіріс көлемінің өсуіне келесі өндіріс орындары септігін тигізеді. Олар «Рахат» АҚ, «НАЗИК» ЖШС «ЖЕТIСУ» АҚ, РПИК «ДЭУIР» ЖШС,«ПОЛИГРАФКОМБИНАТ» ЖШС, бұл компаниялар өнімнің негізгі бөлігін үлестіреді.

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы «Алматының индустриализациялық картасы» бағдарламасының орындалуы аясында 9 жоба 12,2 млрд.тенге көлемінде 428 жұмыс орыны құрылады.

АЭА «Инновациялық технологиялар паркі»

АЭА «Инновациялық технологиялар паркі» 145 компания тіркелген. 2018 жылжылдың соңында құрылған жұмыс орындарының саны 544 болды, инвестиция соммасы 2,05 млрд.теңгені құрады, өндірілген өнімдер 1,1 млрд теңге құрады.

2018 жылы жалпы өндірілген өнім көлемі – 17,8 млрд. тенге. 2018 жылы ЕЭА «ПИТ» аумақтарында жұмыс істейтін салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің жалпы көлемі 1,57млрд. Тенгені құрады.

Инвестициялар

Есепті кезең қорытындысы бойынша 161,9 млрд. Тенге инвестиция игерілді, алдыңғы жылмен салыстырғанда ол 38 млрд.тенгеге артық (2017 ж. - 123,9 млрд.теңге), қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар үлесі 22,1%.

Инвестицияның басым көздері шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары есебінен бола отырып, жалпы инвестицияның 78,9 % құрады (Сауда және қызметтер саласында ашылған объектілер мейрамханалар «Печь» мейрамханасы,«NAVAT»шәйханасы , Жапон асханасы «ТАНУКИ»


Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту

2018 жылы тауар айналымы-439,1 млрд. тенгені құрады , жеке кәсіпкерлермен сауданың үлесті салмағы 16,8,%, көтерме сауда 2 651,7 млрд.тенге (2017 ж. розничныйбөлшек - 349,09, көтерме – 1795,7 млрд.тенге).

Азық-түлік тауарларының жалпы бөлшек саудадағы үлесі- 29,6%, азық-түлік емес тауарларының үлесі- 70,4%.

Белсенді түрде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 51,0% құрады.

2018 жылы «Жол карта бизнесі 2020» бағдарламасының орындалуы барысында 4,1 млрд.тенге қаржы есебінде 5 ірі жоба мақұлданды. Жаңа 200 орын жұмыс орны құрылды.

«Жібек жолы» бағдарламасының орындалуы барысында 225 млн.теңге қаржы есебінде 4 жоба мақұлданды.

2017-2021 жж.өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы, есепті кезеңде 7 жоба кәсіпкерлікті дамыту «Даму» АҚ қоры 1,5 млрд теңгеге каржыландырылды, 10 жоба 156,2 млн теңгеге микронесиелендірілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 170 ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 10 семинарлар өткізілді.

Күнделікті негізде азық-түлік әкімшіліктерімен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері үшін тіркелмеген бағалардың өсуін болдырмау бойынша мониторинг жүргізіледі.

Апта сайынғы бағаны тұрақтандыру мақсатында негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату тікелей Талғар ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен тиімді жәрмеңкелерде ұйымдастырылады.


Әлеуметтік сала

Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың жалпы саны 40 287 адам, оның 27 642 - зейнеткер, оның ішінде 65 ҰОС ардагері мен мүгедегі, тыл ардагері – 2 621 адам.

2018 жылы 92 отбасындағы 460 адамға 19 168 555 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Медеу ауданы әкімінің аппаратында 4 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді, онда 4 меңгеруші, 3 кеңесші және 44 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ай сайын ауданның 337 жалғыз басты зейнеткерлеріне үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Жыл басынан үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге - 54 адам қабылданды.

Үйде қызмет көрсететін зейнеткерлер мен мүгедектер нақты саны – 337 адам (әйелдер - 272, ерлер - 65).

Оның ішінде: Ұлы отан соғысының ардагері - 5 адам, Ұлы отан соғысының мүгедегі - 1 адам, ҰОС ардагерлерінің жесірлері - 5 адам, Тыл ардагері – 157 адам, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер - 34 адам, жасына байланысты зейнеткерлер – 132 адам, қаза тапқан жауынгер отбасы – 3 адам.

Медеу ауданында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін адаптациялау жне паспорттау бойынша әрдайым жұмыс жасалады. Бүгінгі күні кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан 2 000 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде жылдық жоспар 112
(101,7 %) бойынша 114 объект объект бейімделді.

Есепті кезеңде "Жұмыспен қамту орталығында" Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына "қатысу мәселелері бойынша 3 042 адам өтініш білдірді, оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға – 369 адам (123 %, жоспар бойынша жылына 300), жастар практикасына - 125 адам (135,9%, жоспар бойынша жылына 92), әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар – 127 адам (101,6 %, жоспар бойынша жылына 125), қысқа мерзімді оқуға – 206 адам (158,5 %, жоспар бойынша жылына 130) жіберілді, тұрақты жұмысқа орналасқандар – 2 192 адам (110,6 %, жоспар бойынша 1 982 жыл).

Бүгінгі күні Медеу ауданында 27 442 зейнеткер, оның ішінде Ұлы Отан Соғысының ардагері – 70 адам, 2 671 майдан еңбеккерлері тіркелген.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдық мерекесіне орайҰОС ардагерлері және ҰОС мүгедектеріне 250 000 теңгеден 73 адамға 18млн 250 000 теңге төленді.

Оған қоса, қарттар айлығына орай 8 мың зейнеткерден астам адам қамтылды.

Жыл басынан Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің 200-ден астам ардагері «Қазақстан», «Аквастарас» шипажайларының бассейніне, «Адреналин», «Банзай Power» тренажерді залдарына және тағы басқа спорттық мекемелерге қатысты.

Денсаулық сақтау

Бүгінде аймақтағы барлық мемлекеттік ауруханалар мен клиникалар интернет, компьютерлер, ақпараттық жүйелер және заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл науқастарды күту уақытын 20%-ға, кезекте тұру санын 30%-ға қысқартуға септігін тигіссе, дәрігерді үйге шақыруды 1,5 есе жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Бүгін ауданда 11 медициналық мекеме қызмет атқарады. Біздің ауданның емханалары 210 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Өткен жылы медициналық мекемеге жүгінгендер саны 1 млн астам.

Денсаулық сақтау, бала өлімі, ана өлім-жітім көрсеткіші жақсарғаны анықталды. Туберкулез ауруына шалдығу және туберкулез өлімінің көрсеткіштері төмендеген.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының енгізуімен, жыл басынан «Электронды үкімет» порталынан тұрғындарға электронды нұсқада 73 434 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді насихаттау үшін ағымдағы жылы «Достық Плаза» СО және орталық базарда «мемлекеттік қызмет көрсетудің жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Оған қоса, барлық емханалардың бірінші қабатында мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды нұсқасында қолайлы қолдану үшін ғаламторға шығатын мүмкіндігімен компьютері бар «еркін қолжетімділік аймақ» жұмыс істейді.

Оған қоса, барлық медициналық мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету - дәрігерге жазылу, үйге дәрігер шақыру мүмкіндігі бар «ДАМУ» медициналық ақпараттық жүйесі және «ДАМУ МЕД» мобильді қолданбасы орнатылған.

Білім беру

Ауданда 37 орта білім беру мектебі жұмыс істейді. Соның ішінде, 28 мемлекеттік мектеп болса, 9-і жекеменшік мектеп болып табылады. Жалпы оқушылар саны 28 381 адамды құрайды.

2017-2018 оқу жылдарының нәтижесі бойынша білім беру саласында дамыту бағытында айтарлықтай ілгерілеу бар.

Атап айтқанда, қалалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 79 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 7-і республикалық олимпиадаға қатысып, оның 13-і жүлдегерлер қатарынан көрінді.

2018 жылы 1 164 түлек 11 сыныпты бітіріп шықты, ҰБТ баллы – 101,2.             «Алтын белгімен» аяқтағандар саны – 66.

Ауданда 6 896 бала тәрбиеленіп жатқан 18 мемлекеттік және 65 жеке меншік балабақша, 15 шағын орталық халыққа қызмет көрсетеді. Соның ішінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша (балапан) жұмыс істейтіндері – 36.

Соған байланысты, аудандағы орын жетіспеушілік мәселесін жою бағытында нақты шаралар іске асырылуда.

2017 жылы аудан кәсіпкерлерімен бірге 981 орынға арналған 14 жекеменшік балабақша және 4 шағын орталық ашылды. Нәтижесінде мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушлік 35% -ға қысқартылды.

2018 жылы жалпы сыйымдылығы 400 балаға арналған 18 жекеменшік балабақша ашылды.

Жоғары оқу орындары мен орта арнайы оқу орындары

Ауданда барлығы 5 жоғары оқу орны бар, оның 2 - ұлттық, 3 – жеке меншік. Ондағы студенттердің жалпы саны – 20 086 адам.

Орта арнайы оқу орындары саны аудан бойынша 5, студенттердің жалпы саны 6138 адам.

Идеологиялық жұмыстар

2018 жылы аудан аумағында ақпараттық-насихаттық және тәрбиелік сипаттағы 250 іс-шара өткізіліп 40 000 адам қатысты

Ауданда 27 діни ұйымдар тіркелген, оның ішінде 9 мешіт, 7 шіркеу, оған қоса 11 мәдени құрылым басқа деноминациялар мен конфессияларға қарасты. Осы орайда аудан әкімінің аппараты діни ахуалды дамыту тенденцияларына көп көңіл бөлуде, конфессияаралық қарым-қатынастардың күрделенуіне бағытталған кейбір деструктивті діни ағымдардың қызметтеріне жол бермеу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Мәдениет

Медеу ауданы-қаланың таңдаулы аудандарының бірі болып саналатын Алматы қаласының ірі әкімшілік және мәдени орталығы.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады, халыққа кітапханалық және мұражайлық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жәрдемдеседі, жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту үшін қолайлы мәдени орта жасайды, дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіреді және жүргізеді.

Ауданның мәдени өмірінің бір жақтарының бірі мемлекеттік мерекелерді - қоғамдық-саяси маңызы бар мерекелерді өткізу болып табылады. Мемлекеттік мерекелер азаматтық бейбітшілікті, этносаралық келісімді және ішкі саяси тұрақтылықты нығайту бойынша азаматтарды топтастыруға бағытталған сапалы ақпараттық және идеологиялық жұмыстар жүргізумен ресми іс-шаралармен сүйемелденеді. Мерекелерді өткізу орындарын безендіру идеологиялық бағыт болып табылады: қазақстандық патриотизмді, руханилықты, жоғары мәдениетті тәрбиелеу, біртұтас Қазақстан ұлтын қалыптастыру.

Ағымдағы жылдың басынан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 60 мыңнан астам адамның қатысуымен 50 мәдени-көпшілік іс-шара өткізді.

Бүгінгі күні ауданның 5 кітапханасындағы кітап қорының жалпы саны 571 310 бірлікті құрайды (2016 ж.-569060, 2017 ж. - 570 004). 35 769 (2016 - 26 374, 2017 – 27 893) кітап беру саны – 740 400 дана (2016 ж. – 679 818 дана, 2017 ж. – 569 444 дана), оқырмандар саны – 583 241 (2016 ж. – 242 538, 2017 ж. – 358 620).

«Алматы зоосаябағы» МКҚК 2018 жылы 697 750 адам (2016 ж. – 495 136 адам, 2017 ж. – 666 913 адам) келіп, 21 іс-шара (2016 ж. - 20, 2017 ж. - 9)

Алматы қаласы мұражайларының құрамына 5 мұражай кірген бірлестігі 2015 жылдың маусым айында құрылды. 5 Мұражайдың жалпы саны бүгінгі күнге жетті 60 443 (2016- 59 447, 2017 – 60 034), 2018 жылы 2 131 экскурсия (2016 ж. – 1 259, 2017 ж. – 2 075), онда келушілер саны – 70 500 адам (2016 ж. -110 442, 2017 ж. – 157 863). Сонымен қатар өткізілген іс-шаралар саны 895 (2016 ж. - 610, 2017 ж. - 715)

Ауданның ғана емес, бүкіл қаланың ең танымал мәдени нысандарының бірі Республика сарайы болып табылады. 2018 жылы 80 концерт ұйымдастырылды (2016 ж. – 92, 2017 ж. - 81), оның қатысуымен 172 297 мыңнан астам адам (2016 ж. – 230 000, 2017 ж. – 148 620).

2018 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 116 мерекелік концерт (2016 ж. – 110 концерт, 2017 ж. - 108 концерт) өткізілді. (2016 ж. - 20 122 адам, 2017 ж. - 19 847 адам.)

"Мемлекеттік қуыршақ театры" МКҚК 2018 жылы 632 қойылым(2016 ж. - 328 қойылым, 2017 ж. – 475 қойылым) өткізді, оған 46 100 адам қатысты (2016 ж. -35 577 адам, 2017 ж. – 45 238 адам).

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту

Мәдениет саласындағы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі тарихи-мәдени мұраны сақтау болып табылады. Аудан аумағында 59-дан астам тарихи-мәдени мұра объектісі орналасқан, оның ішінде 15 монументалды өнер ескерткіштері (4 республикалық және 11 жергілікті маңызы бар).

Ауданда 1 Оқушылар үйі, 5 кітапхана, 1 театр, 5 мұражай (6 респ.мұражайын есепке алмағанда) жұмыс істейді. "Ғылым Ордасы" РМК-да орналасқан мәндер), 3 кинотеатр, 2 сарай.

Барлық монументалды өнер ескерткіштері ауданның мердігерлік ұйымдарына бекітілген.

Тілдерді дамыту

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басым бағыттарының бірі "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, тіл саясатын жүзеге асыру болып табылады.

Бөлім қызметінің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік тілді үйренуге және басқа тілдерді дамытуға көмек көрсету болып табылады, Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кешенді тест нәтижелері бойынша мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстарына қатысады (қазақ тілі курсы тыңдаушыларының саны-25 адам, ағылшын тілі тыңдаушыларының саны – 12). Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар бекітілген кесте бойынша аттестациядан өтеді және сертификаттар алады.

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асыру аясында, үш тілді - қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік меңгерген лингвистикалық талантты жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және көптілді тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм, басқа халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеу сезімін қалыптастыру мақсатында 10 аудандық конкурс өткізілді. – Мемлекеттік тіл – менің тілім", "Пушкин және Шевченко оқулары", "Мемлекеттік тіл-менің тілім").

"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I Заңының нормаларын түсіндіру жөніндегі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін аралау (21-бапқа сәйкес бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, ценниктер, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады).

– түсіндіру жұмыстары жүргізілген объектілер саны – 102 (2016 ж. - 85, 2017 ж. - 90)

- сыртқы жарнамаларда қателер жойылған объектілер саны-90 (2016 ж. - 64, 2017 ж. - 83 )

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғындары үшін қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде тегін курстар ұйымдастырылған "Тілдер Саябағы – LanguagePark" жобасы 2 жыл бойы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы осы жобаға 2000-ға жуық аудан тұрғыны қатысты. Курстарға баратын ең белсенді тұрғын-84 жаста.

Спортты дамыту

Азаматтардың денсаулығын нығайту, жастардың рухани және дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін халықтың барлық топтары үшін дене шынықтыру және спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Осы мақсатқа жету үшін 2018 жылы 25 мың адамды қамтитын ауқымды және әр түрлі 30 спорттық жарыстар, акциялар мен іс-шаралар өткізілді. Азаматтардың денсаулығын нығайту, жастардың рухани және дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін халықтың барлық топтары үшін дене шынықтыру және спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні Медеу ауданының халық саны206 900 мың адам, оның ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықтың үлесі 65 714 адамды құрайды, бұл аудан халқының жалпы санынан 31,2% құрады.

Медеу ауданында 165 спорт ғимараты бар. Оның ішінде 2 стадион, 1 спорт кешені, 38 спорт зал, 4 бассейн , 120 жазғы спорт алаңы бар.

Оның ішінде Медеу және Шымбұлақ, 3 000 орындық "Халық Арена" мұз айдыны ауданның ең ірі спорт нысандарының бірі болып табылады.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына келушілер саны 2018 жылы – 625 408 (2016 жылы - 480 670 адам, 2017 жылы – 539 639 адам).

Биік таулы "Медеу" мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтарының бірі болып табылады.

Биылғы жылы жаппай сырғанау маусымы 2018 жылдың 20 қазанынан басталады және 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.

Орташа алғанда жұмыс күндері спорт нысанына келушілер саны 1000 адамды құрайды,ал мереке күндері күніне 3-4 мың адамға жетеді.

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қарсаңында іске қосылған "Халық арена "мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті орын болды. 2018 жылы 130 мың адамды қамтитын 150 түрлі іс-шаралар өткізілді.

Қазіргі уақытта спорт ғимаратының базасында жұмыс істейтін 1000-нан астам қатысушысы бар 21 спорт секциясы бар. Спорттық секциялар тұрмысы нашар және аз қамтылған отбасы балаларына тегін.

2018 жылға "Спорт разрядтарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша : 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру 50 спортшығаспорт разряды берілген.


Спорттық табысты тапсыру

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында ауданның 26 мыңнан астам тұрғындары түрлі спорт түрлерінде 30-дан астам спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қадырғалиұлы Байбектің тапсырмасы бойынша, екінші жыл қатарынан жастар мен аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында күніне 1 500 адам баратын«Орталық мәдениет және демалыс саябағы» аумағында 1 желтоқсандағы жобалық қуаттылықпен тегін мұз айдыны ұйымдастырылды, ол 2019 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады.

	Сонымен қатар, «Рамстор» сауда орталығының территориясында тәулігіне 500 адамға дейін жобалық қуаты бар мұз айдыны ұйымдастырылды.
	«Active Longevity» бағдарламасының аясында «Медеу» ауданының 200 зейнеткері 5 миллион теңгеге демеушілік есебінен «Футбол клубы», «Адреналин» және «Банзай» аудандарында 3 фитнес-клубқа тегін келуге сертификаттар алды.
	 

Коммуналды шаруашылық

Медеу ауданының тұрғын үй қоры 784 үйді (33 мың пәтер, жалпы ауданы 1 667 558 шаршы метр) құрайды, оларға коммуналдық қызметтер - «Алматы жылу желілері» ЖШС, Алматы су холдингі, РЭС-5,РЭС-6, құрамында 131 КСК мен 15 басқарушы компаниялар бар.

	2018-2019 жылдардағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын коммуналдық қызметтерді жеткізушілер берген рецепттерге сәйкес 146 КСК, 15 басқарушы компания және 10 авариялық қызмет жүзеге асырды.
	Медеу ауданының әкімі «Алматы жылу желілері» ЖШС тұрғын үйді басқару органдарының басшыларымен бірлесе үй жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша жұмыстарын жалғастыруда. 2018 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша ауданда 455 ПДС орнатылып, 70 ЖТҚ-ны орнату қажет.
	2018 жылы коммуналдық қызметтерді жеткізушілер магистральдық және таратушы инженерлік желілерде 167 апаттық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Олардың 64-і «Су желиси» мемлекеттік кәсіпорны, 71-і «Алатау Жарық компанисы» АҚ, 32-і «Алматы жылу желілері» ЖШС. Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін асфальт төсеніштері қалпына келтірілсе, асфальт төсемі қалпына келтірілсе, мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелері шеңберінде қалпына келтіріледі.
	«Көне ғимараттар» бағдарламасына сәйкес, бес үйде бес тоғыз қабатты үйлер салынды. Мақатаев, 5 және 5А, ст. Тянь-Шань қ., 5, көш. Бөгенбай батыр к-сі, 19, ст. Барибаева, 43. Инвестиция көлемі 1,5 миллиард долларды құрады.

Құрылыс

2018 жылы 437,4 мың шаршы метр пайдалануға берілді. немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 156,4% -ға көп.

Көлік

Ауданда 69 бірлік жылжымалы құраммен «Думан Транс Ком» ЖШС-нің 1 жеке автобус паркі (Дума Халиуллина 119) бар. Аудан арқылы 35 автобус және 6 троллейбус маршруты өтеді. 2018 жылы «СМЭУ» ЖШС-нің бюджет есебінен 105 трассасы орнатылды, олардың 68-і инвесторлар есебінен орнатылды -37.

Көріктендіру және санитарлық жағдай

Көше тазалау.

Медеу ауданы аумағында 2018 жылы тазаланатын көшелер аумағы 403 км. құрайды, арық өткелдерінің ұзындығы 127,61 ш/км. Жалпы тазалау жұмыстарының көлеміне 2018 жылы ауданға 1,970 млн. теңге бөлінген.

Қысқы тазалау жұмыстарына 167 дана арнайы техника мен 407 жұмыс күші жұмылдырылған. Қосымша адам санын 300 адамға ұлғайтуға 93 млн қаражат бөлінген.

Көше жөндеу.

2018 жылы Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасымен төменде көрсетілген жұмыстар жүргізілді:

- 30,5 шақырымды құрайтын 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары;

- 3,08 км құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілер жолы салынды:

- 8,64 км құрайтын 10 көшеде жаңа арық жүйесі орнатылды;

- шұңқырлар 18000 м2 аумақта жөнделді;

- мердігер ұйым «СК «Базис» ЖШС-мен «Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күре жолының киылысындағы жол айрық» құрылыс нысаны бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстын аяқталу уақыты – 2019 жылдың желтоқсаны.

Сыртқы жарықтандыру.

Медеу ауданы аумағыда 14 620 дана жарық шамдарына қызмет көрсетіледі, желінің ұзындығы 449,75 шақырымды құрайды, ШУНО саны - 209 дана, сыртқы жарықтандырудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жыл бойы желілер мен шамдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар мердігер ұйым «Алматы ҚалаЖарық» МКМ атқарылады. Сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз етуге 311,519 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген, сонымен қосымша 382 млн. теңге қосымша қаражат бөлінді.

Медеу ауданы әкімінің аппараты«Алматы ҚалаЖарық» МКМ-мен бірлесе аудан аумағындағы жарықтанбай тұрған аумақтарды аралау нәтижесінде ауданның 29 көшесіне 757 дана жарықтандыру шамдары орнатылды. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстары Құлжа күре жолы, ШАЖ, Халиуллина көшесі (жол айрық), Төле би (жол айрық), Әл-Фараби даңғылы, барлығы 1693 дана жарық шамдары орнатылы.

Саябақ, бақтарды және басқа да жасыл желектерді күту.

Есептік кезеңде күнделікті 2 саябақ, 22 тынымбақ, 8 бульвар, 4 өзен бойы және басқа да жасыл алыңдарға, жалпы көлемі 148,68 м2 құрайтын аумақты тазалау, өзен арналары (аудан аумағында ұзындығы 34,89 км. құрайтын 10 шағын және орташа өзендер ағады) мен санитарлық кесу және қырқу тазалау жұмыстары, жасыл желектерді қорғау жұмыстары 521, 656 тыс. теңге қаражат бөлінген.

Сонымен қатар, аудан аумағында санитарияны қамтамасыз ету мақсатында көктем мезгілінде 21 сәуір және күз мезгілімде 20 қазанда жалпы қалалық сеңбіліктер ұйымдастырылды.

21.04.2018 жылы: 17369 астам тұрғындар мен коммуналдық қызметтер қатысып, 144 дана техника жұмылдырылды, 8300 ш/м арық өткелдері тазаланып, 2400 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды, 201 ағаш отырғызылды, келесі мекендаер бойынша: Пушкин көшесі, 60 (аула аумағы – 25 арша), Бөгенбай батыр көшесі бойында Қалдаяқов көшесінен Орманов көшесіне дейін (30 дана кішкене жапырақты үйенкі), Бұхтарма күре жолы (55 дана), Сәтпаев көшесі (20 дана жөке), Қонаев көшесі (14 дана кішкене жапырақты үйенкі).

20.10.2018 жыл: 15235 астам тұрғындар мен коммуналдық қызметтер қатысып, 144 дана техника жұмылдырылды, 8640 ш/м арық өткелдері тазаланып, 1400 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды, 117 ағаш Бұхтарма күре жолында отырғызылды.

Жергілікті бюджеттен қаржыландуры есебінде апатты және қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді, жалпы көлемі: санитарлық кесу – 600 д., пішіндеп кесу – 2500 д., санитарлық қырқу – 7000 д. ағашқа.

7148 ағаштар мен бұталар, 18975 м2 гүлдер, 83494 м2 көгалдар отырғызылды.

Ағымдағы жөндеу.

2018 жылы дат архитекторы Ян Гейлдің ұсыныстары негізінде: Әйтеке би көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен К. Алматы өзеніне дейін және К.Алматы өзені жағалауын Гоголь көшесінен Добролюбова көшесіне дейінгі аралыққа жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді. Жобалар мемлекеттік сараптамадан өтіп оң шешімін алды. Құрылыс монтаждау жұмыстары 2019 жылы жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар 2018 жылы 3 жер асты өткелдеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді:

- Достық-Абай даңғылдарының қиылысыкелісім соммасы (ҚҚС есептемегенде) 86 855 185,08 теңге.

- Әл-Фараби –Меңдіқұлов көшелерінің қиылысы келісім соммасы (ҚҚС есептемегенде) 50 501 053,5 теңге.

- Достық –Қажымұқан көшелерінің қиылысы келісім соммасы (ҚҚС есептемегенде) 36 419 166,59 теңге.

Жалпы соммасы – 173 775 405,17 теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында мердігер ұйым – «Сұнқар» ЖШС –мен сыртқы жарықтандыру желілері, фондық әуендер, сонымен қатар, қабырғаларына белгіленген эскизге сәйкес суреттар салынды.

Сонымен қатар, мердігер ұйым «OLBEK TRANS» ЖШС-мен Шығыс айналма жолының бойында орналасқан 5 жер асты өткелдерінің төбелерін ауыстыру жұмыстары 67 млн. теңгеге жүргізілді.

Мердігер ұйым «DM-Story» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкусының нәтижесіне сәйкес 13 млн. теңгеге Зенков бульварын көріктендіру жұмыстарын жұргізуге келісім жасалды. Тақтайларды ауыстыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, ағаш отырғызу мен КАФ орнату жұмыстары жүргізілді.

Гоголь көшесін Калдаяқов көшесінен Орталық саябаққа дейінгі аумақты ағымдағы жөндеу жұмыстары мердігер ұйым «ДСУ-13» ЖШС –мен арык желілерін ауыстыру, аялдама көліктерінің асфальт жамылғыларын жөндеу, жасыл желектер отрығузы мен орыдықтар және қоқыс жәшіктерін орнау жұмысары жүргізілді, келісім соммасы 143 млн.теңге.


Құқық тәртібі және заңдылықты нығайту

2018 жылдың қорытындысы бойынша Медеу ауданы бойынша барлық тіркелген қылмыстың саны - 7302 (7887). Былтырғы жылмен салыстырылғанда барлық бағыттағы қылмыстар саны 7,4 % төмендеген және орташа қала деңгейінде 5,7 % жоғары.

Қылмыстың ашылуы пайызы 31,4% құрады, 2017 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 0,2 % жоғары болып отыр, орташа қала көрсеткішінен 6,4 % жоғары.

            Қылмыстың төмендеуі келесі түрлер бойынша:

- қасақана ауыр қылмыстар 14,3 %-ға (21-ден 18 дейін);

- кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар 9,1%-ға ( 7335-тен 6665 дейін);

- кішігірім ауырлықтағы қылмыстар 5,6% -ға(1128-ден 1065 дейін);

- орташа ауырлықтағы қылмыстар 2,5%-ға ( 6207-ден 5600 дейін);

- кісі өлімі 33,3% -ға (15- тен 10 дейін);

- есірткі 22,7 %-ға (44-ден 34 дейін);

- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 21,4%-ға (14-тен 11 дейін);

- зорлау ауыр зардаптар бойынша 3,0%-ға (3 тен- 1 дейін);

- тонау 3,1%-ға (257-ден 249 дейін), ауыр зардаптар 29,4%-ға (102-дан 72 дейін);

- пәтерден ұрлау 9,9% (5817-ден 5240 дейін), ауыр зардаптар 20,5%. (44-дан 35 дейін);

- қорқытып алу 5,0%-ға (5-дан 1дейін);

- бұзақылық 2,1%-ға ( 186 -ден 89 дейін), ауыр зардаптар 7,0%.-ға( 14-тен 2 дейін);

- бөтеннiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру 28,6%-ға (49-ден 35 дейін), ауыр зардаптар 22,2%.-ға( 9-тен 7 дейін);

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы жақсартылды:

- аса ауыр қылмыстар 7,7 %-ға (75,0-ден 88,9 дейін);

- қасақана ауыр қылмыстар 14,9 %-ға ( 55,9-ден 70,8 дейін);

- кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар 2,1% -ға (25,7 -ден 27,8 дейін);

- кішігірім ауырлықтағы қылмыстар 0,1%-ға ( 30,5-тен 30,6 дейін);

- орташа ауырлықтағы қылмыстар 2,7%-ға ( 24,7-ден 27,4 дейін);

- адам өлтiру 7,7%-ға ( 92,2-тен 100 дейін);

- қарақшылық 2,8 %-ға ( 81,8-ден 84,6 дейін);

- есірткі – ауыр зардаптар бойынша тұрақты (83,3-тен – 83,3 дейін);

зорлау тұрақты (100,0-ден 100,0 дейін);

- тонау 2,1%-ға (42,1 -44,2 дейін), ауыр зардаптар 15,5%- (48,1 – 63,6 дейін);

- бөтеннiң мүлкiн жасырын жымқыру 0,2% -ға ( 24,0-ден – 24,2 дейін), ауыр зардаптар 0,6%-ға ( 44,9-ден – 45,5 дейін);

- пәтерден мүлкiн ұрлау 0,2%-ға (26,9 – 27,1 дейін), ауыр зардаптар бойынша 6,2%-ға ( 46,7- 52,9 дейін);

- алаяқтық 3%-ға ( 40,4 - 43,4 дейін), ауыр зардаптар бойынша 30,3 %-ға (53,7- 84,0 дейін);

- бұзақылық 2,6%-ға (38,7 – 41,3 дейін);

- автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленiп алу 2,4 %-ға ( 91,7 – 94,1 дейін);

- бөтеннiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру 20,6 % -ға (23,5 – 44,1 дейін) ауыр зардаптар бойынша 22,7%-ға ( 27,3- 50,0 дейін).

            Қылмыстарды болдырмау және алдын-алу үшін аудан аумағында бейнебақылау камералары орнатылды.

            Сонымен қатар, ауданда 22 075 үй орналасқан олардың ішінде 752 көп пәтерлі үйлер және жер ұйлер саны 21 323 құрайды.

Осы бағдарлама аясында 496 «Қауіпсіз аула» және 716 үйлерде 4118 бейнебақылау камералары орнатылған.

Қазіргі таңда қала бойынша «Қауіпсіз аула», «Қауіпсіз көше» бағдарламалары өз жұмысын іске асыруда.