A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Құқықтық мәдениет


«Құқықтық актiлер туралы» Заң бойынша құқықтық семинар өтті

 2017 жылдың 26 мамырында бекітілген құқықтық білім беру семинарлардың Жоспары бойынша, Медеу ауданы әкімі аппарататының мәжіліс залында аппарат басшысы Ш. Бескемпіровтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық, іскерлік деңгейлерін арттыру сонымен қатар, жауапкершілік пен қызметтік тәртіпті күшейту барысында аппарат қызметшілеріне арналған Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 

6 сәуiрдегi № 480-V ҚРЗ «Құқықтық актiлер туралы» Заң бойынша құқықтық семинар өтті.

Құқықтық семинардың мақсаты мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін дайындау, рәсімдеу және мемлекеттік тіркеуге байланысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау.

Семинар барысында, мемлекеттік органның құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, қажетті құжаттар тізбесі және нормативтік құқықтық актілерді мемлекетті тіркеу мерзімі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу процедуралық аспектілері және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес талаптарды сақтамау жөніндегі мәселелер талқыланды.

Семинар соңында аппарат қызметшілері тарапынан баяндаушыға қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.