A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Медеу ауданы


Құрылған уақыты – 1936 жылдың қазан айы

Алаңы – 93,6 шаршы км

Халқы – 181,085 мың адам

Медеу ауданы - Алматы қаласының элиталы ірі әкімшілік, өнеркәсіпті және мәдени орталығы болып саналады. Ескі атауы - Фрунзе ауданы. 1995 жылдан бері Медеу деп өзгертілген.

Аудан шекарасы: Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай Фурманов көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бойымен шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағымен солтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасы бойымен қиылысқа дейін Көктөбе шипажайы жолымен Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылы бойымен солтүстік-шығысқа қарай Атырау, Думан, Көктөбе, Көктөбе-2, Жаңа-Көктөбе, Бутаковка, Тау-Самал, Медеу шатқалы, Шымбұлақ, Алатау ықшам аудандарын қоса Фурманов көшесіне дейін.

Медеу ауданы Алматы қаласының ең әдемі және дамушы аудандарының бірі. Аудан аумағында көптеген cәулетті ескерткіштер, мәдени және ғылыми орталықтар, спорт кешендері орналасқан. Сонымен қоса, әлемнің 200-ден астам рекордтары жасалған “Медеу” мұз айдыны да Медеу ауданының аумағында орналасқан. Аудан құрамына әсем де көркем Ұлттық Іле Алатауы саябағы да енді. Жыл сайын мыңдаған қонақтар келетін Медеу, Шымбұлақ, Көк төбе - тек ауданның ғана емес, мемлекетіміздің мақтанышы.

Медеу ауданын Алматы қаласының мәдени, ғылыми орталығы деп те атауға болады. Аудан аумағында республикалық мәні бар тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бар.

Сонымен қоса, мемлекетіміздің белгісіне айналған Алматының аса көрнекті орны - 371 метр биіктігі бар радиотелевизиялық мұнара да аудан аумағында орналасқан.

Ықшам аудандары: «Самал», «Атырау», «Көктөбе», «Көктөбе-2», «Тау Самал», «Думан», «Алатау».

«Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, «Көктөбе» сияқты оңтүстік астананың көрікті жерлері жыл сайын мыңдаған туристердің көз көркі.

Аудандағы ірі кәсіпорындар: «Рахат», «№1 Алматы сыра зауыты», «Дәуір» РБПК, «Полиграфкомбинат», «Нәзік», «Каспиан», «АЛВЗ», «Алматы нан бірлестігі», «Алтын диірмен», «САК», «Продоформление» комбинаты, «Жетісу», «Казремэнерго», «ОБИС» компаниясы, «Эталон», «КК Интерконнект», «Семирамида» тігін фабрикасы.

Шағын және орта кәсіпкерлікпен тамақ; полиграфия; фармацевтика; парфюмерия өнімдерін шығару; тігіншілік; столярлық бұйымдар және жиһаз жасау кәсіпорындары айналысады.

Ауданда 26 мектеп; 13 мектепке дейінгі балалар мекемесі; жоғары оқу орындары, олардың арасында, Кино және телевизия академиясын атауға болады, арнаулы оқу орындары, Республикалық медициналық колледж, Республикалық эстрада-цирк колледжі орналасқан. Сонымен қатар, дене тәрбиесіне арналған балалар, жасөспірімдер клубтары, олимпиада резерві жұмыс істейді.

Ауданның аумағына: Республика сарайы, Оқушылар сарайы, Орталық Армия үйі, Жамбыл атындағы мемелекеттік филармония, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Орталық мұражайы, Мемлекеттік академиялық би театры, Орталық мешіт, Қасиетті Вознесение Соборы, Саябақтар және кинотеатрлар, Кино үйі, «ҚР Сәулетшілер Одағы», «ҚР Дизайнерлер Одағы», «ҚР Киноматографистер одағы»; ұлттық-мәдени орталықтар кіреді.

Аудандағы 58 емдеу-алдын-алу мекемесі, ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесі қоғамы, мүгедектер қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамы, көп балалы отбасылар одағы халықтың мұқтаждық танытып отырған топтарына тұрақты қолдау көрсетіп отырады. Ауданның аумағында «Алатау», «Қазақстан», «Ақбұлақ» шипажайлары, «Түрксіб» базалық пульманогиялық-неврологиялық шипажайы, зейнеткерлерге арналған «Ардагер» Республикалық пансионаты, «Балқаш» және «Просвещенец» демалыс үйлері орналасқан.