A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Аудан әкімі


Медеу ауданының әкімі 

Жылқыбаев Ержан Жұматұлы

Жылқыбаев Ержан Жұматұлы 1982 жылы 17 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Оңтүстік Қазақстан университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, С.Аманжолованың Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінің бас маманы болып бастаған.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас эксперті болып жұмыс атқарған.

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің бөлімі бастығы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі лауазымдарында жұмыс атқарды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары.

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары.

2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аймақтық жұмысының мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

2016 жылдың мамыр айынан бастап Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Үйленген, ұлы мен екі қызын тәрбиелеп келеді.