A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Мүлікті жария ету қазіргі заманның талабы


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға оларды мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қараша № 400-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,   келесі жылжымайтын мүліктер жария етілуге жатады:  

1) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

2) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

Мүлікті жария ету үшін комиссияларға келесідей құжаттарды ұсыну қажет:                    

- белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтінішті;                   

- өтініш берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;   

- ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

- жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты;  

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының назарына өтінішті, Комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды, ал мүлiктi жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталатынын жеткіземіз.

Бұл тұрғыда, жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болатынын ескерту қажет. 

Медеу ауданы бойынша жылжымайтын мүлікті жария етуге құжаттарды қабылдау Алматы қаласы Пушкин көшесі № 72 үй (Медеу әкімшілігі ғимараты) мекен-жайында (тел: 291-24-55).