A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Думандықтар Наурыз мейрамын тойлады

2017 жылдың 1 сәуірінде Медеу ауданына қарасты Думан ықшам ауданында Наурыз мейрамы мерекеленді. 


Халқымыз ежелден жыл басына санаған, Ұлыстың ұлы күніне балаған ұлы мерекені Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев ашты. 


Наурыз мейрамы – шын мәнінде елдік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың мерекесі. 


«Біздің ұлттық құндылықтарымыз, рухани мұраларымыз әз-Наурызбен біте қайнасқан. Наурыз ықылым заманнан бері ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тазалықтың, бірлік пен кісіліктің мейрамы болып есептеледі. Ұлыстың ұлы күні ағайынның құшағы айқара қабысып, ренішті жандар қайта табысады. Сондықтан, түсіністікті ту етіп, елді бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесінің татулығы жарасқан еліміз үшін маңызы ерекше. Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын!»-деді аудан әкімі. 


Ұлыстың Ұлы күніне орай өткізілетін мерекелік іс-шара аясында мереке қонақтарына арнап қазақ үйлер тігіліп, тұрғындарға наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық ас мәзірлері таратылды. 


Сонымен қатар, мерекелік іс-шара қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары мен аудандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Төрлет, төріме, әз-Наурыз!» атты мерекелік концерт ұсынылды. 


Қыдыр баба әрбір қазақстандық отбасына құт-береке, молшылық әкелсін. 



01.04.2017