A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ардагерлер кеңесі Президиумының кезекті отырысы

Ардагерлер кеңесі Президиумының кезекті отырысы

2018 жылы 30 қаңтарда Медеу ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында аудандық Ардагерлер кеңесі Президиумының кезекті отырысы болып өтті. Аталған шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.С.Серікбаев, кеңес мүшелері мен алғашқы ардагерлер ұйымының төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде көтерілген негізгі мәселелер – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар мен 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы болды. Ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары В.В.Соболев қатысушыларды жоғарыда аталған мәселе бойынша аудандағы ардагерлер ұйымдарының жұмыс тәсілі мен стилін жетілдіру жөнінде таныстырды. Сондай-ақ, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі комиссия төрайымы Р.И.Қоңырова Ардагерлер кеңесінің жұмысшылар тобы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» жобасы бойынша өзара әрекет туралы айтып берді.

Отырыс соңында Халықаралық информатизация академиясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.С.Серікбаевқа академик дипломы мен куәлігін тапсырды.

30.01.2018