A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

         2018 жылдың 17 мамыры күні Медеу ауданы әкімінің аппараты «Нұр Отан» партиясымен, Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығымен және Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамымен бірлесе отырып Қазақстан қонақүйінің «Алтын Емел» залында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

         Іс-шараға 30 жұмыс беруші орган, НПО өкілдері және 60-тан астам жұмыс іздеушілер шақырылды.

         Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың жұмысқа орналасуына көмектесу.

         Іс-шара барысында жұмыс іздеушілердің біліктілігін оқыту орындары арқылы көтеру, жеке бизнес ашуға грант бөлу, балалар үйінің түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

         Жұмыс берушілер 60 жұмыс орнын ұсынып, ал жұмыс іздеушілер оларға өздерінің түйіндемесін ұсынды. 4 адам кәсіптік оқуға, 2 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.

         Барлық жұмыс іздеушілер өздерін толғантып жүрген сұрақтар бойынша кеңес алды.

         Жәрмеңкенің екінші жартысында жұмыс іздеушілер өздері жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, сатуға қойды.

         Жәрмеңкеге қатысушылар бұл іс-шараны ұйымдастырушыларға мүгедек жандар мен олардың проблеммаларына көңіл бөлгені үшін зор алғыстарын білдірді.

17.05.2018