A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Выставка «Халық жүрегіндегі қаламгерлер»
IMG-20170301-WA0030.jpg «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі ашылды

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Дүниежүзілік жазушылар күніне орай, 2017 жылдың 1 наурызында қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – М.О. Әуезовтың 120 жылдық, Ғ.М. Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 115 жылдық, Д.Әбілев пен Ғ.Ормановтың 110 жылдық, Ә.Шәріповтың 105 жылдық және Ә.Нұршайықов пен С.Шаймерденовтің 95 жылдық мерейтойлары қарсаңында «Халық жүрегіндегі қаламгерЛЕР» атты көрме ашылды.

ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында қазақ әдебиеті қанатын кеңге жайып, терең де кемел туындыларға қол жеткізді. Бұл кезеңдегі әдебиеттің дамуына қазақтың тұңғыш эпопеясын жазып,  көркем прозаны классикалық деңгейге көтеріп, әдебиетке көркемдік қуат әкелген үздік туынды - «Абай жолын» жазған Мұхтар Әуезовтің қосқан үлесі зор. Сонымен қатар ұлттық прозаның елеулі жетістіктері – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туындылар –  Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» (1945), «Оянған өлке» (1953) тарихи романы, Ғ.Мұстафиннің соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған «Миллионер» (1948) повесті, «Қарағанды» (1952) романы, Д.Әбілевтің драматургия саласындағы «Қарулас достар» (1948), «Майра» (1954) және т.б. туындыларының орны ерекше. Майдангер қаламгерлер – Ғ.Ормановтың «Көтерме» деген атпен жарияланған әңгімелер мен очерктерінің жинағы,Ә.Шәріповтің «Партизан қызы» (1961)  романы, көркем проза жанрында сүбелі еңбек еткен Ә.Нұршайықовтың  «Ма­хаб­бат, қызық мол жылдар», «Ақи­қат пен аңыз» шығармалары, сондай-ақ  кі­таптары оқырман қауым мен сыншы­лар­дан жоғары бағасын алған С.Шаймерденовтің «Инеш» (1958)  романын  қалың оқырманның іздеп жүріп оқығаны баршаға мәлім. Олардың шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық рух, тіл мен дәстүрге құрмет, тарихқа адалдық сияқты тақырыптар көтерілді. Әдеби шығармашылықтары елдің қоғамдық-саяси өмірімен қатар өрбіді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі көрмелердің  көктемдік маусымын ашуға арқау болған «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесіне  әдебиеттің түрлі жанрына қалам тартқан жазушылардың қазақ және араб әрпімен жазылған қолжазбалары, өздеріне тиесілі жеке заттары, олардың өмірі мен шығармашылығына қатысты бірегей жеке мұрағат материалдары, фото-құжаттары, хаттары, еңбектері мен марапаттары, сонымен қатар бюст, афиша, плакаттар мен иллюстрациялар қойылды.

Бүгінгі таңда ғылыми, мәдени мекемелерге, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына, көшелерге жазушылардың есімдері берілген. Алматы қаласында мемориалдық музей-үйлері ашылып, ескерткіш тақталар орнатылған.

01.03.2017