A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жүрегімді адалдыққа шөлдеттім» атты кеш

«Жүрегімді адалдыққа шөлдеттім» атты кеш

Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда 2019 жылы 18 ақпанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актеры, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Тұрыс Бекжан Асаубайұлымен «Жүрегімді адалдыққа шөлдеттім» атты рухани кездесу кеші өтті.

         Шараның мақсаты - елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген идеяларды жүзеге асыру мақсатында және «Ұлы даланың жеті қыры» атты төл тарихымызды қайта жаңғыртуға арналған мақаладағы аса маңызды жобаларды басшылыққа ала отырып жастарды шығармашылық тұрғыдан қолдау.

Еліміздегі мәдениет саласының қарыштап дамуына үлес қосу және жас буын өкілдеріне үлгі өнеге болатын тұлға арқылы жол сілтеу. Медеу ауданы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған дәстүрлі «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының негізінде мектеп оқушыларына мәдени құндылықтарды ұғындыру болып табылады.

18.02.2019