A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» Республикалық жобасының жеңімпазымен кездесу

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» Республикалық жобасының жеңімпазымен кездесу

          2018 жылдың 21 ақпаны күні М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Республикалық жобасының жеңімпазы, М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің оқушысы Тимур Рыспековпен оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналар қауымының кездесуі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ мәдениет, дәстүр және тілдерді үйрену бөлімінің маманы Колесникова Ольга Сергеевна; «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының өкілі Әбілқайыров Әбілқадыр Темірханұлы; Алматы қ. Білім басқармасы; Медеу аудандық білім бөлімі; Алматы қаласының мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар қатысты.  

         Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасы жүзеге асырылған болатын. Өзінің бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев талантты және табысты замандастарымызға қоғам назарын аударуды ұсынғаны белгілі. Бұл адамдар біздің заманымыздың кейіпкерлеріне айналуға тиіс: олар туралы деректі фильмдер түсіріледі және баспасөзде мақалалар жазылады. Бұл жүз есімнің әрқайсысының табыс тарихы басқаларға үлгі-өнеге бола отырып, ең бастысы, табысқа жету үшін талмай еңбек ету қажеттігінің айқын дәлелі болуға тиіс. Осы мақсатпен арнайы сайт құрылып, онда осы адамдардың нақты жетістіктері жарияланды. Еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі жастағы     медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер, құтқарушылар, әскери адамдар, спортшылар, мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, сондай-ақ басқа да мамандық иелері туралы ақпарат көпшіліктің назарына ұсынылды. Жалпыға бірдей онлайн-дауыс берудің нәтижелері бойынша жобаның 102 жеңімпазы анықталды. Солардың бірі – біздің мектебіміздің оқушысы Рыспеков Тимур. Оның жетістіктері мен табыстары туралы бүгінгі күні көптеген бұқаралық ақпарат құралдары айтып, жазып жатыр.


               Тимур Рыспековпен кездесу өте қызықты өтті. Кездесуді жүргізушілер мен мектеп оқушылары қонақтарға Тимурдың қол жеткен жетістіктері, оның жұмыстары, сондай-ақ оның Канададағы оқуы туралы әңгімелеп берді. Келушілер Тимурдың өнертабыстарының көрмесін тамашалады. Тимур физика, информатика, математика саласындағы 28 патент пен авторлық құқықтың иегері болып табылады. Ол – өнертапқыш. Тимурдың соңғы жұмыстарының бірі – қоршаған ортаны талдауға арналған робот. Мұндай робот әзірге әлемде теңдесі жоқ жаңалық саналады. Тимур Рыспековтің бұл жобасы атмосфераның ластану деңгейін анықтай алады. Робот ауадағы 87 химиялық реактивтің белсенділік деңгейін, температураны, ылғалдылықты, атмосфера қысымын, радиацияны, табиғаттағы магниттік аномалияларды анықтауға қабілетті.

               Алматы қаласы мектептерінің оқушылары Тимур Рыспековтің «Жылдам есептеу әдістемесін», оның жасанды интеллект туралы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Латын әліпбиімен жазылған қазақ тіліндегі сөздердің қателерін табуға және түзетуге арналған жасанды нейрондық желілер, робот техникасы, бағдарламалау туралы айтылды. Іс-шара барысында Тимурға қазіргі жастарды толғандыратын көптеген сұрақтар қойылды. Кездесу соңында қатысушылардың барлығы Тимурмен суретке түсті.  

21.02.2018