A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының әртісі Досхан Жолжақсыновпен кездесу


       2017 жылы 14 наурызда Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатта, Медеу ауданы әкім аппараты мен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен, «Өнерге деген адалдығым – өзімнің оққағарым» атты Қазақстан Республикасының әртісі, актер, режиссер Досхан Жолжақсыновпен кездесу болып өтті.

      Кездесу-кешке Медеу ауданының әкімі Е. Жылқыбаев, әкім орынбасары Ғ.Майлыбаев, мектеп директоры М.Ибраимов және мектеп-интернаттың ұстаздары мен оқушылары қатысты.

       Кездесудің мақсаты – оқушыларды өнер майталманының шығармашылығымен таныстыру, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу және Отанға, өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

       Шара барысында аудан әкімі Ержан Жылқыбаев сөз алып, мұндай кездесулердің өскелең жастарға пайдасының зор екендігін, актердың оқушылармен кездесуге келгеніне алғыс білдіріп, еңбегіне жеміс тіледі. Досхан Қалиұлы Жолжақсынов оқушыларға өзінің өнер жолына қалай келгенін, театр және кино саласындағы сомдаған рөлдері жөнінде сұқбат берді. Сондай-ақ, оқушылар мен ұстаздардың сұрақтарына жауап беріп, домбырамен ән салды. 

       Кездесу мектеп-интернат оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Ары қарай Қазақстан Республикасының әртісі, актер, режиссер Досхан Жолжақсыновтың түскен киносынан үзінді көрсетілді.


15.03.2017