A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әлеуметтік экспресс» мобильдік топпен кездесу өтті

«Әлеуметтік экспресс» мобильдік топпен кездесу өтті

2018 жылдың 23 қаңтарында № 77 мектепте Медеу ауданы әкімінің аппараты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен (Департамент) бірлесіп, «Әлеуметтік экспресс» мобильдік топ мүшелерімен, әлеуметтік саладағы заңнамаларға енгізілген өзгерістері, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы, еліміздегі зейнетақы реформасы бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Кездесу барысында Департамент басшысы Айдынжан Жаңабердіұлы Нарматов аталған реформа бойынша баяндама жасап, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге қатысты халықтан түскен сұрақтарға толыққанды жауаптар берді. Сондай-ақ мобильді топ құрамындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары мен «Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Гүлсара Асылбекқызы Алтынбекова да өз салаларына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беріп өтті.

24.01.2018