
«Алғыс айтудың – шегі жоқ!» атты тәрбие сағаты
2019 жылдың 5 ақпан күні «Каменское плато» туберкулезге қарсы шипажайының науқас мектебінің сырқаттар медбикесі Сарсенбаева Рахила Алшынбекқызының бастамасымен №47 жалпы білім беретін мектепте «Алғыс айтудың – шегі жоқ!» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шарада 3-5 сынып оқушылары, жалпы саны - 38 оқушы қатысты. Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Тәрбие сағатында «Кімге рахмет айту керек?» слайды, «Жақсылығың қайтар өзіңе» бейнероликтері көрсетіліп, «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?» проблемалық сұрақтары талқыланды.