A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

МКҚК №112 бөбекжай-балабақшасында өткен қалалық семинар

2017 жылдың 12 сәуірінде №112 бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Step by Step» технологиясы бойынша оқу қызметтерін ұйымдастыру» тақырыбындақалалық семинар өтті.

 Семинарға «Step by Step»қоғамдық қорының директоры Д.Айтжанова, еңбек ардагері С.Бейсенбаева, «Алматы ақшамы» газетінің өкілі Р.Ескендір және  Аламты қаласы бойынша «Step by Step» технологиясын өз іс-тәжірибелеріне енгізгелі отырған балабақшалардың меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері қатысты.

Семинарға қатысушыларға балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе «Step by Step» технологиясы бойынша белсенділік орталақтарында оқу қызметтерін ұйымдастырып, көрсетті, сондай-ақ өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарды өткізуде, біріншіден: әрбір баланы жеке тұлға деп қарап, екіншіден: балаға таңдау мүмкіншілігін беріп, үшіншіден: ата-анамен тығыз қарым-қатынас жасауды көрсете білген балабақша педагогтары өз мақсаттарына жете білді.






13.04.2017