A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық Бизнес университетінде (UIB) ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылау
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық Бизнес университетінде (UIB) ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылау

Халықаралық Бизнес университетінде (UIB) ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылау

    Халықаралық Бизнес университетінде (UIB) ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылау өтті. Жолдау жылдағыдай қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.
    Талқылау барысында әлеуметтік-экономикалық кафедрасының оқытушылары - тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Әбдіров Жеткергенұлы және Спанов Макбат Уарысбекович баяндама жасады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаппай цифрландыру дәуірінің индустриясын құру үшін индустрияландырудың үшінші бесжылдық жоспарын әзірлеп бастауды тапсырды. Мұндай өтпелі кезеңде еңбек көлемінің кеңею қаупі болуы ықтимал.
     Президент халыққа Жолдауында: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
    Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.
      Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда», - дейді.




17.01.2018