A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

№ 63 мектеп лицейде соғыс ардагерлерімен салтанатты кездесу өтті

Ұлы Жеңістің 72 жылдығының құрметіне ардагерлер үшін Алматы қаласының Медеу аудананыда орналасқан № 163 мектеп лицейдің  ұстаздары мен оқушылары мерекелік кездесу ұйымдастырды. Олар: Ұлы Отан соғысының ардагері Қалан Нұрдәулетов («Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған), еңбек ардагері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Гүлжан Меңдіғалиқызы Рахметова, еңбек майданына қатысушы, еңбек ардагері, ұстаз Нұрдәулетова Бибісара және  Ауған соғысының ардагері Серікбай Кеңесұлы Баймұлдинов (II-дәрежелі («Айбын» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «ҚР Қарулы Күштерінің құпылғанына 20 жыл», «Ауғанстаннан жауынгерлердің шығарылғанына 25 жыл» медальдарымен марапатталған).

Кездесуді №163 мектеп лицейдің директоры Айымгүл Дәуірбекқызы Иманғалиева    ашты. Ол өз сөзінде Ұлы Отан соғысы тарихы туралы және соғыс алаңындағы солдаттардың ерен ерлігі жөнінде көтеген кітаптар жазылып,  кинофильмдердің түсірілгенін атап өтті.  «Алайда өсіп келе жатқан жас ұрпаққа соғыс және еңбек майданына қатысушылардың өздері сол  ауыр жылдар туралы айтып бергені әлдеқайда әсерлі болар еді. Медеу ауданындағы № 63 мектеп лицедің оқытушылары мен оқушыларының мұндай іс-шараларды ұйымдастыруға толық мүмкіндіктері бар. Соғыс ардагерлерімен біз жиі-жиі кездесіп тұрамыз», - деді.

Ардагерлер өздерінің өткен өмірлері мен соғыс туралы, Жеңіске жетудің оңай болмағандығы жөнінде беріп, балалардың әртүрлі сұрақтарына жауап берді. Балалар ардагерлердің соғыс  туралы айқан әңгімелелерін  аса ыждағаттылықпен тыңдап, олады ұзақ уақыт жібермей, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.  Осындай әр кездесу сайын оқушылар соғыс жайлы   деректрді көптеп біле бастайды.  Соғыс туралы кітаптан оқығанша ардагерлердің өз аузынан естіген әлдеқайда қызықты.

        Мектеп оқушылары ардагерлерге  арнап соғыс туралы әндер мен тақпақтардан тұратын шағын концерт ұсынды. Концерттен кейін ардагерлеге  гүл шоқтары мен сыйлықтар сыйлап, кең дастархан жайды. 

        Кездесу соңында ардагерлер жас ұрпаққа бейбіт өмір, тыныш,  бақытты балалық шақ тіледі.   


02.05.2017