A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

№28 мектеп-лицейде Мәншүк Маметованың ескерткіш-бюсті ашылды

№28 мектеп-лицейде Мәншүк Маметованың ескерткіш-бюсті ашылды

              Биыл қазақ халқының кахарман қызы, шығыс шынарларының бірі Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толып отыр. Отан үшин отқа түсіп,оқ құшқан, Қазақтың ержүрек қызының есімі халқымен бірге, аты алтын әріппен тарих бетінде жазылып қалды. Жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор шара Медеу ауданы аумағында орналасқан М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың «Ұрпақтар сабақтастығы» бастамасымен салтанатты жиын өтіп, ескерткіш – бюсттің ашылуы болды.

Шараға Мәншүк Мәметованың майдандастары – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев, Ыбырай Алтынсарин иегері Бекбосын Кереев, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбайұлы, «Генералдар Кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, әділет генерал – майор Рүстем Қайдаров, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбайұлы, ҚР ҰҒА академигі, «Дос - Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Досым Сулеев, Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова, Мәншүк Мәметованың сіңлісі Айман Мәметова және аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Алдымен сөз кезегін Мәншүкпен бірге майдандас болған, танымал тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы қаласының құрметті азаматы Сұлтан Жиенбаев алып, өткен күнді еске алды: «Мәншүк екеуміз майданда бірге болдық. Менің жарамды таңып беріп, үлкен қамқорлық танытқан еді. Сол жолы тезірек сауығып, ұрысқа араласып кеттім. Мен 96 жастамын, ал Мәншүк менен бір жас кіші болатын»- деп еске алды.

Ескерткіштің салтанатты рәсімінде сөз алған Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев алдымен аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың құттықтауын жеткізді.

Шара соңында М.Мәметова атыдағы №28 мектеп - лицей директоры Айсұлу Медетбекова ардагерлерге алғысын айтып, еліміздің ертеңі,өскелең ұрпақ өткеннен үлгі ала отырып, отаншылдық рухта тәрбие алатынын атап өтті. «Мәншүктің ерлігі ешқашан өшпейді, ұрпаққа өнеге болып қала береді» деп түйіндеді сөзін мектеп директоры.

«Генералдар Кенесінің» төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем қайдаров оқушыларға патриоттық тәрбие беру ісіне қосқан үлесі үшін мектеп директоры А.Медетбековаға Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальді тапсырды.

15.12.2017