A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • № 12 мектеп-гимназиясында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстану» тақырыбында семинар
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

№ 12 мектеп-гимназиясында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстану» тақырыбында семинар

№ 12 мектеп-гимназиясында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстану» тақырыбында семинар

         Түркістан және Ақтөбе облыстарында орын алған кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың көбеюіне байланысты Алматы қаласы әкімдігіне қарасты Медеу ауданы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау істері бойынша Комиссиямен (әрі қарай - Комиссия) Медеу ауданы жалпы білім беру мекемелерінің кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жоспары бекітілді.

         Осыған орай, 2019 жылдың 14 наурызында Ш. Уалиханов атындағы № 12 мектеп-гимназиясында (Уалиханов көш., 79) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстану» тақырыбында семинар өткізілді.

         Семинардың мақсаты - құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту және ұсақ құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстануға шақыру.

         Семинар Медеу ауданы ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы және Комиссияның қатысуымен өтті.

         Семинар барысында Медеу ауданы ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Копбаева К. С. кәмелетке толмаған оқушыларға профилактикалық видео-материалдар көрсетті.

                   Өткізілген семинардың қорытындысы бойынша жоғарғы сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық кеңес құрылсын және мектеп әкімшілігіне аталған кеңестің атауы туралы ұсынымдар енгізсін деген ұсыныс жасалды.

                                                                          

14.03.2019