A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауданда қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Ауданда қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

         Елбасымыздың мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау барысында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыздан басталып кетті. Биыл «Мектепке жол» республикалық акциясы «Балаларға көмек-менің таңдауым» ұранымен өтуде.

         Акцияның мақсаты – белгілі себептерге байланысты материалдық көмекке мұқтаж отбасыларының балаларына әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.

Осыған орай, 2017 жылдың 28 тамызы күні №12 мектеп-гимназиясында Медеу ауданы әкімінің аппараты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында аудан әкімі Ержан Жылқыбаев жаңа оқу жылымен құттықтап, балаларға мектеп формаларын табыстады. «2017 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында Медеу ауданында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасының балалары, жетім-балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған 500 балаға көмек көрсету үшін тізім дайындалды. Өткізіліп отырған акцияның нәтижесі бойынша ауданда бүгінгі күні 350 бала материалдық көмек алды. Оның 50-іне бюджет қаражатынан материалдық көмек көрсетілсе, ал қалған 300 балаға демеушілер есебінен жалпы сомасы 10 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Жаңа оқу жылының басына дейін аудандағы тағы 200-ден аса балаға көмек көрсету жоспарлануда», - деді аудан басшысы.

Бұл күні акция шеңберінде 65 оқушы қамтылды.

         «Мектепке жол» акциясы ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 30 қыркүйекке дейін жалғасын таппақ.


28.08.2017