A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Өркениетті ел болудың темірқазығы


         Кез келген мемлекеттің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжаты – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Ата Заңның алдында бәріміз де бірдей жауаптымыз, бәріміз де бірдей міндеттіміз. ҚР Конституциясы өзінің тиімділігін, өміршеңдігін дәлелдеді. Оның аясында елімізде қоғамдық келісім, тұрақтылық қамтамасыз етіліп, саяси-әлеуметтік дамудың өтпелі кезеңі жақсы нәтижелермен аяқталды. Бүгінгі күнде Қазақстан тату, ынтымақты, көп ұлтты халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы, болашағы бар, өзге елдерге үлгі болатындай үлкен елге айналып отырса, бұл сол кездегі Қазақстан халқының дұрыс таңдау жасағанының арқасы. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен тең дәрежеде, жан-жақты саяси-экономикалық қарым-қатынастар қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық қағидаттарды құрметтеу – бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан игілікті істер. Қоғамның ілгерілеп дамуының басты факторы, қозғаушы күші – адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы. Заң алдында барлық адамдардың теңдігі, экономикалық еркіндік, идеологиялық және саяси көпқырлылық Қазақстанның құқықтық дамуының негізгі басымдықтары болып есептеледі. Конституция негізінде және соған сүйене отырып, елімізде жүргізілген реформалардың оң нәтижесі ретінде қоғамда тыныштық пен бейбітшілік қалыптасты. Қазақстан қоғамды жаңартудың қай саласында болсын бұрынғы Кеңес республикаларының ішінде көш басында келеді.

         Еліміздің негізгі заңының тағы бір басты ерекшелігі, ол – азаматтардың бостандықтары мен негізгі құқықтарын халықаралық деңгейдегі дәрежеде қалыптастырып, бекітті. Республикамыздың бас құжатына сәйкес, әрбір жеке адам өзінше жеке тұлға болып та есептеледі. Конституция бізге әрбір азаматқа осы тұрғыдан қарауды үйретеді. Негізгі Заңда адамның барлық қабілеттерін таныта білуіне жол ашатын баптар да жеткілікті. Ата Заңымыз тарихта тұңғыш рет адам мен азаматтың жеке бостандығының классикалық элементтерін құрайтын құқықтарды өмірге енгізді. Бұлардың қатарында адамның жеке өміріне қол сұғылмауы, өзінің жеке отбасылық құпиясының болуы, әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуы бар. Әркімнің өзінің қай ұлтқа,Кез келген мемлекеттің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжаты – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Ата Заңның алдында бәріміз де бірдей жауаптымыз, бәріміз де бірдей міндеттіміз. ҚР Конституциясы өзінің тиімділігін, өміршеңдігін дәлелдеді. Оның аясында елімізде қоғамдық келісім, тұрақтылық қамтамасыз етіліп, саяси-әлеуметтік дамудың өтпелі кезеңі жақсы нәтижелермен аяқталды. Бүгінгі күнде Қазақстан тату, ынтымақты, көп ұлтты халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы, болашағы бар, өзге елдерге үлгі болатындай үлкен елге айналып отырса, бұл сол кездегі Қазақстан халқының дұрыс таңдау жасағанының арқасы. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен тең дәрежеде, жан-жақты саяси-экономикалық қарым-қатынастар қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық қағидаттарды құрметтеу – бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан игілікті істер. Қоғамның ілгерілеп дамуының басты факторы, қозғаушы күші – адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы. Заң алдында барлық адамдардың теңдігі, экономикалық еркіндік, идеологиялық және саяси көпқырлылық Қазақстанның құқықтық дамуының негізгі басымдықтары болып есептеледі. Конституция негізінде және соған сүйене отырып, елімізде жүргізілген реформалардың оң нәтижесі ретінде қоғамда тыныштық пен бейбітшілік қалыптасты. Қазақстан қоғамды жаңартудың қай саласында болсын бұрынғы Кеңес республикаларының ішінде көш басында келеді. Еліміздің негізгі заңының тағы бір басты ерекшелігі, ол – азаматтардың бостандықтары мен негізгі құқықтарын халықаралық деңгейдегі дәрежеде қалыптастырып, бекітті. Республикамыздың бас құжатына сәйкес, әрбір жеке адам өзінше жеке тұлға болып та есептеледі. Конституция бізге әрбір азаматқа осы тұрғыдан қарауды үйретеді. Негізгі Заңда адамның барлық қабілеттерін таныта білуіне жол ашатын баптар да жеткілікті. Ата Заңымыз тарихта тұңғыш рет адам мен азаматтың жеке бостандығының классикалық элементтерін құрайтын құқықтарды өмірге енгізді. Бұлардың қатарында адамның жеке өміріне қол сұғылмауы, өзінің жеке отбасылық құпиясының болуы, әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуы бар. Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтайтыны және оларды көрсету-көрсетпеу құқығын өзі шешетіні заңдастырылған.

         Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ең бастысы, кім екеніне қарамастан, әр адам Конституция қағидаларын қатаң сақтауға міндетті. Біздің бәріміздің заңды білуіміздің маңызы зор. Ал оларды орындауымыздың маңызы одан да зор. Онсыз біздің өркендеген мемлекет орнатамыз деген ниетіміздің бәрі бекер. Мемлекет құру ісі – үздіксіз процесс, ол мемлекет қанша өмір сүрсе, сонша уақыт жүргізіле бермек», деген сөзі ойымызды дәлелдей түседі. Райхан Ратова, облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы.

31.08.2017