A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алатау ықшам ауданында кездесу болып өтті

Алатау ықшам ауданында кездесу болып өтті

2018 жылы 10 тамызда Алатау ықшам ауданындағы № 7 мектепте № 417 бағыттағы автобустың «Самат транс» ЖШС транспорттық компаниясының директоры О.Сәбденовпен кездесу болып өтті. Жиынға Медеу ауданы әкімінің кеңесшісі А.Бимендеев пен ықшам ауданның тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында қыркүйек айынан бастап аталған ықшам аудан бағытына қарай 10 жаңа автобус шығатыны айтылды. Бұл бағыт № 117 қалалық автобус болмақ. Автобуста онлайн төлем болады, сондықтан барлық тұрғындарға «Оңай» картасын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, осы бағытта зейнеткерлер мен оқушыларға 40 теңге, 75 жастан асқан зейнеткерлерге тегін жүруге арналған жеңілдіктер қарастырылып отыр.

10.08.2018