2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстан» қонақ үйінде «Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақстан» қонақ үйінде «Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті



___________

«Қазақстан» қонақ үйінде «Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу»
тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шараға тиісті мемлекеттік органдар мен қалалық мүгедектер қоғамының өкілдері қатысты.

Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады және мүгедектерге оңалту құралдары мен қызметтерін тікелей жеткізушілерден дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Мемлекет техникалық жабдықтар мен қалпына келтіру қызметтерінің құнын өтеу тетігін ұсынады. Портал тұтынушы қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлем жасау мүмкіндігін ұсынады.

Сол себепті, мүмкіндігі шектеулі жандар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдарының 55 түрінің 24-іне және мемлекеттік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс беру және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Портал іске қосылады.

Сондай-ақ, порталда 2020 жылдың көктемінде жеке көмекші мен ымдау маманының санаторлық-курорттық емдеу қызметін алу мүмкіндігі қарастырылған. Порталдың іске асырылуы ұсынылатын қалпына келтіру қондырғылары мен қызметтерінің сапасын жақсартады, оларды қабылдау уақыты мен мақсаттарын қысқартады, қаражат пен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтайды.
26.11.2019