A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Медеуге дейін жаңа автобустар жүре бастады
Алматыда Медеуге дейін жаңа автобустар жүре бастады

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №12 бағыты бойынша «Қазақстан» қонақ үйінен «Медеу» биік мұз айдынына дейін баратын жаңа автобустарды көрді.

Алматыда биылғы көлік реформасы аясында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардың 195–і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, тағы 200 жаңа автобус қалаға келді және олар кезеңдер бойынша жолға шығады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды,олардың 91–і қала жолдарында.

Жалпы қаланың автобус паркінің 30%-ға жаңаруы және бағыт желісінің ұлғаюы жолаушылар легін 20,6% арттырды. Егер 2016 жылы 174,6 млн. транзакцияланса, 2017 жылы 220,1 млн. транзакцияланды. Тасымалдаушы жоспарлы шығуды қамтамасые ете алмаса, интервал мен жылжымалы составты жаңарту «Алматыэлектротрансқа» беріледі. Мысалы, №70 бағытта автобустар жаңарды, интервал қысқарды, соның арқасында жолаушылар легі 12 есе өсті, яғни тәулігіне 395 адамнан 4,6 мың адамға дейін жетті. Жақында 18 метрлі автобус- гармошкалар №201 бағыты бойынша жүре бастады, ол күніне 11,6 мың адамды тасымалдауда, болжамдағы жолаушылар легі – 25 мың адам.

№12 бағыты бойынша жолға шыққан 12-метрлі төмен еденді автобустар Евро-5 экологиялық сыныпқа сай, сыйымдылығы 100 адамнан жоғары, кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен,пандустармен және басқалармен толық жабдықталған. Аталған бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС ұйымдастырған, жай күндері автобустар арасындағы интервал алты минутқа қысқарған, ал демалыс күндері екі минутқа азайған. Босаған автобустарды «Green Bus company» ЖШС №120 бағытты күшейту үшін пайдаланады, кейін бұл бағыт айналмалы болады.
Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылып, көліктер №201 магистральды бағыты бойынша жүре бастаған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерге толық көлік қызметін көрсету масқатында сегіз бағыт ашылған болатын.


05.01.2018