A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Almaty Gallery» орталығында кезекті «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

«Almaty Gallery» орталығында кезекті «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

Бүгін «Almaty Gallery» орталығында кезекті «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Көпшілік көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алып отырды. Негізінен көтерілген сұрақтар: бағбандық серіктестіктердегі инфрақұрылымның қажеттелігі, бос жатқан учаскелерді дұрыс пайдаланып игеру, яғни сол жерге саябақтар мен гүлбақтарды салу. Сонымен қатар аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымдарға шағымдар болды.

Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді. Және де жауапты қызметкерлерге кездесуден кейін арызданушымен бірге мәселе орнына шығып, оларды шешуді тапсырдым. Кейбір сұрақтар бойынша апта ішінде өзім барып, көруге уәде бердім.

Кездесуден кейін, тұрғындардың өтініші бойынша аудан әкімі Достық даңғылы маңайындағы учаскелерді көріп, олардың ұсыныстары негізінде тиісті тапсырмалар берді. №35 гимназиясына да барып, қоқыс контейнеріне және көлік тұрағы мен жауын суларының ағысына қатысты мәселерді қарап шықты. Жақын арада бұл сұрақтар өз шешімін табады.

Барлық қатысушылар мен белсенділік танытқан тұрғындарға үлкен алғыс білдіреміз.

13.08.2019