A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауданда әкімнің есеп беру кездесуі жалғасуда

     2017 жылы 17 ақпанда Қазақ мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың 30 округ тұрғындарына есеп беру кездесуі жалғасын тапты.

    Есептік кездесу жұмысына Алматы қалалық мәслихат депутаттары Ә.Нәбиев және Б.Садықов, білім беру, денсаулық сақтау салалары, қалалық және аудандық қызметтер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен тұрғындар қатысты.

    Кездесу барысында аудан әкімі «2016 жылдағы Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017 жылға даму перспективалары туралы» баяндамасымен халық алдына шықты.    

    Ары қарай, өткізу тәртібіне сәйкес тұрғындардан ескертпелер мен ұсыныстар қабылданып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді, сондай-ақ түскен ескертпелер мен ұсыныстар бақылауға алынды.       

  Барлығы – әлеуметтік сипаттағы  сұрақтар  түсті, олар: жол жөндеу, аялдама кешендері мен жаяу жүргіншілер жолын салу, көше тазалығы, қоғамдық көліктер, спорт алаңдарын салу және т.б..

   Есептік кездесуге тұрғындар белсене қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын да білдірді.


17.02.2017